М.ғ.к. Ш.М. Мукашеваның тізе тобығы (тәж) сүйегі сынғанын «П- тәрізді» сүйек арқылы өткізілген екі капрон жіппен тігу операциясы Операция жалпы наркозбен жасалады. Буынды тізе тобығының ішкі
жанынан S-әріпі тәрізді тілуді ортан жілік айдаршығының жоғарғы жиегінен
бастап, асықты жіліктің бұдырына дейін жұмсақ тіндерді тіліп ашады.
Сынықтар арасындағы ұйыған қанды алып тастап, буын ішін жуады.
Сүйектің екі бөлігін жараға шығарады. Сынған тәж сүйегінің ортаңғы және
төменгі бөліктерінің әрқайсысына бізбен жоғарыдан төмен қарай және
төменнен жоғары қарай қатарынан екі тесік теседі де сүйек сынықтарын
орнына салып, содан кейін сол тесіктерден әуелі астынан үстіне қарай екі
бөлігінен де капрон жіптің ұшын өткізіп тәж сүйегінің жоғарғы бөлігінің
үстінен шығарады, жіп ұштарын тартып байлайды. Екінші жіпті осы
каналдар арқылы жоғарыдан төмен қарай осы тесіктерден өткізеді. Оның
ұштарын тәж сүйегінің төменгі жиегінен тартып байлайды, осы жіптің бос
ұшын тізе тобығының (тәждің) меншікті байламынан тікелей төмен қарай
қатарынан сол байламның бекіген жеріне дейін өткізеді. Содан кейін асықты
жіліктің бұдырынан бізбен көлденең теседі де, содан жіптің ұшын өткізіп
тартып байлайды. Осы кезде тізе буынын 150˚ бүгілген қалыпта аяққа гипстік
орамды туторды 4 аптаға салады. Содан кейін қозғалыс жаттығуларын
жүргізеді.
142 сурет. Тізе тобығы сынғанда сүйек арқылы «П-тәрізді» тігіс салу