173
себебі ішкі мениск буын байламы, буынқаппен тығыз байланысты және
сыртқыға қарағанда қалыңдау және доғашық болады.
Клиникасы: жаңадан жыртылғанда көбіне тізе буыны соғылуы,
гемартроз деген диагноз қойылады. Мениск жыртылғанда бірден бір нақты
белгі ол тізе буынының қолайсыз қалыпта сіресіп қалуы (блокада) бұл белгі
сиректеу кездеседі.
144 сурет. H. Shahriaree бойынша мениск жыртылуының жіктелуі:
I – ұзына бойына, II – көлденең жыртылуы, III қиғаш жыртылуы,
IV – радиальды жыртылуы.
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
1. Ішкі мениск жыртылуының белгілері
Байковтың жазылмалық
белгісі. Оны анықтау үшін ауруды орындыққа отырғызып, тізесін 90˚ бүгіп,
тізе тобығы меншікті байламының ішкі жағынан буынаралық саңылауды
тауып алып, бармақ ұшымен менискіні буын ішіне итеріп, екінші қолымен
тілерсектен ұстап дәрігер жазады. Егер алдыңғы мүйізше жыртылса тізені
жазғанда қатты ауырады. Сөйтіп біртіндеп денесінің тұсын тағы да басып
тұрып, тізені жазғанда қатты ауырады. Тақымының астынан артқы мүйізше
тұсынан саусақпен басып тұрып, жазамыз.Солай қай жері жыртылғандығын
анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: