Тізе тобығының сынуы көбіне тіземен құлағанда, ауыр затпен тікелей
соққы тигенде болды.
Жіктелуі:
көлденең сыну
тікелей сыну
жарықшақтанып сыну
жоғарғы және төменгі ұшының сынуы болып бөлінеді.
Клиникасы: Гемартроз. Соның себебінен буын көлемінің үлкеюі, тізе
буынын жаза алмау, сүйек бөліктері арасында ойық пайда болады.
Тасымалдауы: Крамер шинасымен санның жоғарғы 1/3 бөлігінен табан
басына дейін бекіту.
Рентген жасағанда сынықтың қай жерінде орналасқанын, ығысу түрін
толығымен анықтаймыз.
Емдеуі: буынға 1% 15мл новокаин ерітіндісін енгізіп, буын ішіндегі
қанды толығымен сорып аламыз. Бірнеше рет 0,25% 50-60мл новокаин жылы
ерітіндісін енгізіп буын ішін жуамыз. Ерітінді түсі қызғылт түсті болғанша
шаяды. Шайып болған соң антибиотик енгіземіз. Жабықтай орнына
саламыз.Тізені 180˚ жазамыз, сынық бөлігін бір біріне тиістіріп санның
жоғарғы 1/3 бөлігінен табан саусағы басына дейін гипстік лонгета саламыз.
Рентген тексеріс жасаймыз. Рентгенде буындағы сүйек бөліктерінің буын
беттерінің біркелкі тегіс тұрғандығын анықтау керек. Сол жағдайда ғана 5-6
күнге лонгет қалдырамыз. 2-3 күндері гемартроз бар жоғын анықтаймыз.
Гемартроз бар болса пункция жасап жуып, антибиотик енгізіп, тағы тексеріс
рентген жасаймыз. Сынық бөлігі орнында тұрса лонгеттің сыртынан орамды
гипс саламыз. 2-2,5 ай гипста ұстаймыз. Егерде сүйек сынығы орнына
түспесе операциялық жолмен емдейміз.
Тізе буынын ашып егерде тәж нақты ортасынан сынса екі сүйек
бөлігінде көлденең бізбен тесіп, «П» тәрізді лавсанмен, капрон жібімен тігіс
салып, байлаймыз. Мұнда да буын бетінің тегістігін бақылау керек. Гипстік
лонгета 2-3 күнге саламыз. Гемартроз қайталанса пункция жасап, антибиотик
енгізіп, тізе буынын 165-170˚-та тізе буынын бүгулі қалыпта 2-2,5 айға
орамды гипс салады. Егерде үгітіліп (раздробленный) сынса тәжді толық
алып тастап, төртбасты бұлшықеттің сіңірін «Z» тәрізді аздап ұзартып
меншікті байламына тігеміз. 3 айға дейін 170˚ бүгулі қалыпта гипс саламыз.
171
139 сурет. Кюнео бойынша тігіс салу. 140 сурет. Сегізтәрізді гипс салу. 141
сурет. Орамды толық кисеттік тігіс