Емдеуі:1% 15мл новокаин ерітіндісін және тері астына 2% 1мл
промедолды енгізіп жоғарыда айтылған тәсілмен сыртына не ішіне шығуына
байланысты орнына салып, қызыл асық шыққан жағдайда табанды алдына,
үстіне қарай шектен тыс қайырып гипсті 1-1,5 айға салады. Осы мерзім
өткен соң гипсті алып, табанды түзу қалыпта рентген жасап, орнында тұрса
тағы да түзу қалыпта табанға гипс салады. Аяққа толықтай түзу қалыпта
жүруге рұқсат береміз.
Потто сынығын орнына салу үшін енді табанды шектен тыс астына
қарай иіп 1-1,5 айға гипс салады. Осы мерзім өткен соң рентген жасап
орнында тұрса табанды түзу қалыпта қойып гипстік етікше 1айға салып,
аяғына жүруге рұқсат береді. Бірінші реттік орнына салғанда қалпына
түспесе шуруппен немесе жібек жіппен тігіс салу арқылыоперациялық
емжасалады.