181
Диагностикасы: Рентген жасайды.
Емдеуі: Буынға 1% 20мл новокаин енгізіп, тері астына 2% 1мл
промедол енгізіп, дәрігер ауру тізесін 90˚ толық бүгіп, бір қолымен өкше
сүйегін ұстап, екінші қолмен тілерсек төменгі 1/3 бөлігін ұстап, өкше мен
толарсақ буынынан ішке қарай бұрайды. Осы кезде сынық бөліктері орнына
түседі. Осы қалыпта толарсақ буынына варустық қалыпта гипстік етікше
салады. Кейде етікше саларда үлкен ісік болған жағдайда бинтті орап-орап,
жіп тәрізді қылып, екінші бақайдың арасынан көмекші ұстап тұрады. Гипс
салып болған соң, осы жіптің бойымен скальпельмен тілік жасап қояды.
Олай жасау себебі аяқта ісік ұлғайған жағдайда гипстің тілінген арасы
ашылып, тіндегі некроздық өзгерістің алдын алу үшін. Содан кейін тексеріс
рентген жасалады.
Сүйек орнына түссе осы қалыпта науқас таяқпен 1-1.5 ай сынған аяққа
баспай жүреді. Осы мерзім өткен соң гипсті алып, толарсақ буынын түзу
қалыпта шығарып, рентген жасап қараймыз. Сүйек орнында болса тағы
1айға гипс салынады. Науқасқа толықтай аяғына салмақ беріп басып жүруге
рұқсат етеміз.
Қызыл асық ішке қарай шыққан жағдайда жоғарыда айтылғандай тізесін
бүгіп, өкше сүйегімен толарсақ буынын сыртқа қарай қайырамыз. Осы
қалыпта жоғарыда көрсетілгендей 1-1.5 айға гипс салынады. Содан соң
рентген жасап сүйек орнында болса, табанын түзу қойып 1-1.5 айға гипс
саламыз. Бірінші рет орнына салғанда сүйектер орнына түспесе тобықтарды
шегемен бекіту операциясы жасалады.
Тобықтар сынуымен синдесмоз жыртылған жағдайда жоғарыда
көрсетілген тәсілмен орнына салып, гипс қатпай тұрып екі алақанмен
синдесмозды екі жағынан сығады. Содан соң тексеріс рентген жасағанда
балтырды толарсақ буынын ішке қарай 25˚ бұрып рентген жасап көреді.
Синдесмоз қалпына келген жағдайда осы гипспен 2 ай жүреді. Синдесмоз
орнына келмесе операциялық жолмен болт тартқышпен синдесмозды
қалпына келтіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: