178
бөліктерінің екінші реттік ығысуы болуы мүмкін. Сондықтан бұл ауру 4-5
дәрігер бақылауында болуы тиіс. Содан соң қайта рентген тексеріс жасау
керек. Екінші реттік ығысу болмаса онда гипстік лонгет үстінен орамды гипс
байламын бекіту керек.
Бұралып сынғанда көбінесе қаңқа тарту арқылы біртіндеп орнына салу
керек. Орнына салуды алғашқы 2-3 күннен қалдырмай орнына келтіру
қажет. Тексеріс рентген жасап орнына түскен жағдайда сол қалыппен 1,5-2ай
қаңқа тартуда, Беллер шинасында жатуға тиіс. Осы мерзім ішінде сүйектің
бірінші реттік мүйізгегі пайда болады. Содан соң тексеріс рантген жасап
гипстік орамды санның жоғарғы 1/3 бөлігінен бақайдың басына дейін
модельдеп 4-5ай салу керек. Балтыр сүйегінің нашар бітетін жері балтыр
төменгі 1/3 бөлігі. Себебі балтыр ортаңғы 1/3 бөлігінен бастап балтыр
бұлшықеттері сіңірге айналады. Сіңірдің қанайналымы нашар дамыған. Бұл
жерде жабықтай орнына салу оңай, гипс салғанша орнында ұстап тұру қиын.
Екінші себебі кіші жіліншік қандай қалыпта тұрмасын ерте бітіп кетеді
де асықты жілікке кергіш болып тұрып қалады. Сондықтан жалған буын ең
жиі кездесетін орны асықты жіліктің төменгі 1/3 бөлігі. Сол себепті төменгі
1/3 бөлігі сынғанда көбінесе кермелі сығылмалы Илизарова аппаратын
салады (ВКДО). Кей жағдайда шыбықтың 6-7 см алып тастау керек.
Достарыңызбен бөлісу: