Травматология


IX ТАРАУ. СҮЙЕКТЕР МЕН БУЫНДАРДЫҢ АШЫҚ



Pdf көрінісі
бет192/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   297
IX ТАРАУ. СҮЙЕКТЕР МЕН БУЫНДАРДЫҢ АШЫҚ 
ЖАРАҚАТТАНУЫ СҮЙЕКТІҢ АШЫҚ СЫНУЫ 
Сүйектің ашық сынығы деп, сынық алған уақытта бір мезетте жара пайда 
болуын айтамыз. Ол екіге бөлінеді: бірінші және екінші ашық сынық. Бірінші 
деп жара мен сынық жарақаттанған уақытта пайда болса, екінші ашық сынық 
деп жаңқаның ұшы теріні іштен сыртқа қарай тесіп шықса айтады. 


185 
 
Барлық сынықтардың ішінен 8-10% ашық сыныққа жатады. Алғашқыда 
қан  кету  және  шок,  кейіннен  жараның  іріңдеуіне  байланыстыөмірге  қауіп 
төнуі  мүмкін.  Жарақаттың  асқынуы  тіннің  қалай  зақымдалуына  көп 
байланысты.  Егер  тіндер  аздап  зақымдалса,  жара  асқынбай  жазылады  да, 
сүйектің  уақытында  бітуіне  зардабын  тигізбейді.  Керісінше  жара  үлкен 
болып, жарадан сынған сүйектің ұштары шығып тұрса сынықтың асқынуына 
әкеп соғуы мүмкін. А.В. Каплан мен О.Н. Маркованың ашық сынықты бөлу 
әдісі бойынша, тіннің қалай зақымдалғанын көрсету үшін бірінші үш римдік 
санмен алғашқы үш әріпті қолданған. "А" әрібі тіннің жеңіл зақымдалғанын, 
қан  айналысының  бұзылмағанын  көрсетеді.  Мысалға  кесілген,  тесілген 
жаралар.  "Б"  әрібі  -  зақымдалғанның  орташа  түрі.  Қан  айналысы  азғана 
жерде түгел немесе жартылай бұзылған. Мысалы жыртылған, соғудан болған 
жара.  "В"  әрібі-тіннің  көлемді  жерінің  қан  айналысы  бұзылып,  өлі  етке 
айналған түрі. Ашық сынықтың ІА, IIА,IIIА түрлері көбінесе сынған сүйектің 
үшкір  ұшының  тінді  іштен  сыртқа  қарайтесіп  шығуынан  пайда  болады.  ІБ, 
ІІБ,  ІІІБ  түрлері  -  теріде  соғудан  болған  жараның  барын  және  оның 
астындағы  бұлшықеттердің  қанталап,  кіші  және  орта  көлемді  тамырлардан 
қан кетуімен көрінеді. Ашық сынықтың IB, ІІВ, IIIВ түрінде көлемді жердің 
жұмсақ  тіндері  зақымдалып,  сүйектері  үлкенді-кішілі  жаңқаланып 
орындарынан таяды, еттердің көбі езіліп кетеді. 
Ашық  сынықтың  IV  түрінде-қол  немесе  аяқтың  өмір  сүру  қабілеті 
жойылады,  оған  себеп  жарақаттану  кезінде  тек  бұлшықеттер  ғана  емес, 
сонымен  бірге  сүйек-қантамырлардың  қоса  жаншылып,  езіліп  қалуынан 
болады.  Қол-аяқтың  сақталып  қалуы  тек  қана  жарақаттанған  тіндердің, 
әсіресе тамырлардың зақымдалуының көлеміне байланысты болады. 
Ұзын түтікше сүйектердің диафизі мен метафизінің ашық сыну түрлері 
/А. В. Каплан, О. Н. Маркова/. 
 
 
 
Сынған жері 
тоқпан      жілік,      шынтақ,      кәрі      жілік,    ортан      жілік, 
үлкен    жіліншік,    кіші    жіліншіктердің   жоғарғы және 
төменгі метафиздері. 
Тоқпан    жілік,    шынтақ,      кәрі    жілік,    ортан      жілік, 
үлкен      жіліншік,      кіші      жіліншіктердің      диафиздерінің 
жоғарғы, ортаңғы және төменгі 1/3 бөлігі. 
Сынықтың 
түрлері 
■ 
көлденең,  қиғаш,  бұралып,    жарылып,  үгітіліп,  екі   
жерден   орынығыстырмай   және   ығыстырылып сынуы 
 
Жараның көлемі 
Терініңжәне 
астындағы 
тіндердің 
зақымы 
жара 
кішкене 
немесе 
(1,5 см 
дейін) 
орташа 
(2-9 см) 
үлкен(10 
см-ден 
үлкен 
болса) 
өзгеше (өтe ауыр) 


186 
 
А. Жеңіл 
жаракат 
I А 
II А 
III А 
Қол-аяқтыңтіршілігінің 
киындауы (Сүйектің үгіліп, 
бүлшық еттердің көлемді 
жерінің езілуі, үлкен-қан 
тамырлардың зақымдалуы 
Б. Орташа 
жарақат-
жыртылған 
жара 
I Б 
II Б 
III Б 
 
 
В. Ауыр 
жарақат-
езілген, 
жаншылған 
жара 
I В 
II В 
IIIВ 
 
 
Әрбір  ашық  сыныққа  бактериялар  түсті  деп  қарау  керек.  Сондықтан 
жара асқынып кетуі мүмкін /іріңдеу, анаэробтық, сіреспе/. 
Жара  асқынуының  себептері:  көлемді    жердің  зақымдалуы,  жарада  өлі 
еттердің  болуы,  қанайналысының  бұзылуы.  Сонымен  бірге,  жараның  қай 
жерде  болуы.  Жарасирақтың  алдыңғы  жағында  болса,  көбінесе 
сүйектіңшіруіне  әкеліп  соғады.  Жараны  асқындырмау  емдеудің  негізгі 
міндеттерінің бірі болып есептеледі. 
Емдеу: Емханаға ашық сынықпен түскен ауру тоқтаусыз емдеуді керек 
етеді.  Ең  бірінші  міндет  ауруды  шоктан  шығару.  Сонан  соң  жарасының 
көлеміне қарамай операция жасау керек.Операция жасауға ең қолайлы уақыт 
жарақаттанғаннан  кейінгі  бірінші  6-8  сағат  болып  есептеледі.  Неғұрлым 
операция  ерте  жасалса,  соғұрлым  жараның  асқынуы  аз  болады.  Алдымен 
жараның  айналасын  0,5-1%  нашатырлы  спиртпен  тазартып,  түгін    жарадан  
10  см    жерге  дейін  қырады.  Жараның  жан-жағына  йод  ертіндісін  екі  рет 
жағады да, стерилдеген ақ сүлгімен қоршайды. Үлкен тамыр үзілмесе, жгут 
салынбайды.  Жараның  асқынбауы  үшін  негізгі  міндет  барлық  өлі  еттерді 
алып  тастау  керек.  Өйткені  олар  микробтың  өніп-өсуінс  қажетті  орта  (156 
сурет). 
 
156 сурет. Бірінші хирургиялык тазалаудың жобасы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


187 
 
Жараның шетін үнемдей, қан айналысы бұзылмаған жерден кесіп алып 
тастайды.  Беттің,  табанның  және  алақанның  терісін  кесіп  алмайды.  Ал 
терінің  астындағы  майды  көбірек  кесіп  алу  керек.  Апоневроздың  шетін 
үнемдеп  алған  соң,  астындағы  жатқан  тіндерді  тексеріп  көру  үшін  ұзын 
бойымен кесіп үлкейтеді. Бұлшықеттерді қарап олардың өлі-тірісін анықтау 
қажет.  Олардың  түрін,  етті  кескенде  жиырылу-жиырылмауы,  қанауы-
қанамауы  арқылы  білуге  болады.  Сүйектің  тек  қана  ұсақ,  бос  бөлшектері 
ғана  алынып  тасталады.  Былғанған  орта  және  үлкен  бөлшектерді 
антисептикалық  ертінділермен,  антибиотик-термен  тазалап  орнына  салады. 
Оларды алып тастаған жағдайда сынған жерде сүйектер бір-бірімен тиіспей, 
аралары  бос  қалады.  Бұл  апарып  сүйектің  бітпей,  жалған  буынның  пайда 
болуына  әкеп  соғады.  Мұқият  гемостаз  жасалады.  Бірінші  хирургиялық 
тазалау  жараны  тігумен  аяқталады.  Жараны  толық  тігу  тек  қана  жараның 
асқынбайтынына  толық сенімді  болған  жағдайда  ғана  қолданылады.  Егерде 
қан  айналысы  нашар  болса,  жара  үлкен,  еттері  езілген  жағдайда  алғашқы 
тігісті байқап қолданған жөн. Қолданған күннің өзінде жара асқынбау үшін 
дренаж  салу  керек.  Тіккен  кезде  терісі  тартылып  тігілсе,  ол  жараның 
бітпеуінс  себеп  болады,  сондықтан  тігіп  болған  соң  жараның  маңайын 
босататын тіліктер жасайды. 
Егер  операциядан кейін жара  тігілмей кейінге қалдырылып 2-3 күннен 
кейін,  жараның  асқыну  белгілері  білінбеген  жағдайда  тігілсе,  оны  бірінші  - 
кейінге  қалдырылған  тігіс  деп  атайды.  7-14  күннен  кейін,  жара  өлі  еттен 
арылып,  грануляция  пайда  болғанда    тігілген    тігісті  алғашқы  екінші  тігіс 
дейді. 
Тігісті  жараның  шетін  кесіп  алмай-ақ  сала  береді.  Өйткені  жараның 
шеттері  бір-біріне  ешқандай  күшсіз-ақ  жақындайды.  Егерде  жараның  өлі 
еттері  көпке  дейін  кетпей  ұзаққа  созылған  жағдайда,  жараның  шеті 
тыртықталып, бірі-біріне жақындамайды. Бұндай жараны тігу үшін алдымен 
жараның шетін кесіп алғаннан кейін тігеді. Бұндай тігісті кейінгі екінші тігіс 
деп  атайды.  Екінші  тігістің  қай  түрі  болмасын  жараның  іріндеген  кезінде 
және науқастың  жағдайының нашарлаған уақытында қолдануға болмайды. 
Ашық  сынықты  хирургиялық  тазалау  әр  уақытта  сынықты  орнына 
салып,  бекітумен  аяқталады.  Аталып  өткен  шаралар  тек  қана  жараның 
іріңдемеуі  үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  сүйектің  уақытында  бітуіне 
жасалған  қолайлы  жағдай.  Орнына  салғаннан  кейін  сынған  сүйекті 
қозғалтпай  бекітуге  жабық  сынық  сияқты,  қаңқа  тартумен,  гипстік 
бекіткішсалуымен  немесе  әртүрлі  темір  бекіткіштерді  қолдану  арқылы 
жетеді. 
Ашық  сынықты  емдеуге  қолданылатын  әрбір  әдістің  өзіне  тән 
ерекшеліктері  бар.  Жара  үлкен,  былғанған,  өлі  еттері  көп  жағдайда  темір 
бекіткіштерді  қолдануға  болмайды.  Өйткені  жара  іріңдеп  кетуі  мүмкін. 
Мұндай жағдайда компрессиялық-дистракциялық аппаратты қолданған жөн. 
Өйткені  сынықтың  тұсында  темір  болмайды,  жараны  бақылауға  мүмкіндік 
береді, сонымен бірге сынған жерді қозғалтпай бекітіп тұрады. 
Кейінгі уақытқа дейін гипсті таңғышпен қаңқа тарту өздерінің маңызын 
сақтап  келеді.  Гипсті  таңғыш  өзіне  тән  кемшіліктеріне  қарамай  /жараның 


188 
 
жағдайын бақылау  қиындайды, қажайды/, дұрыс қолданып салынса, сынған 
жерді бекітіп, аурудың  жүріп-тұруына  мүмкіндік береді. Қаңқаны тартудың 
гипсті  таңғыштан  артықшылығы  жараның  жағдайын  байқап,  асқынбауға 
уақытында  шара  қолданылады,  орнына  салынған  сүйек  екінші  рет  орнынан 
таймайды. 
Жараны асқындармаудың негізгі жолы бірінші хирургиялық тазалаумен 
қоса  науқасқа  антибиотиктер  беру.  Антибиотиктерді,  жараның  түріне 
байланысты,  жараның  айналасына,  еттердің  арасына,  тамырға  жіберуге 
болады.  Сонымен  катар  жараның  маңайында  қан  ұяламай,  жараның 
эксудаты уақытында ағып, жиналмауына көңіл бөлу қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет