Ладья және сына тәрізді сүйектердің дара сынуы, сынып шығуы сирек
кездеседі. Кейде метатарзальдық сүйектердің сынып шығуымен жүреді.
Себебі олар көбіне табан үстіне ауыр зат түскенде, кейде табанды үстіне
қарай бүккен жағдайда болады. Ладья сүйегінің сынуы табанды өстік
қалпында шектен тыс үстіне қарай бүккенде болады. Бұл сүйек табанның
күмбезінің ең биік нүктесі болып табылады. Сол себепті сына тәрізді
жапырылады және үстіне қарай шығады. Осындай жағдайда куб тәрізді
сүйекте сынуы мүмкін.
Клиникасы: табанның үстінде ісік кейде сол жерде пішін өзгерісі
болады, қатты ауырады. Бірінші бақай бойымен өстік салмақ бергенде ладья
сүйегінің тұсы ауырады. 4-5 саусақты өстік бойымен басқанда куб тәрізді
сүйектің тұсы ауырады. Аяқты басып жүре алмайды.