Диагностикасы: рентген жасау.
Емдеуі: бұл сүйектер орнынан ығыспай сынған жағдайда гипстік
лонгета салынады. Ісік басылған соң оралымды гипстік етікше салынады.
Мііндетті түрде табан күмбезінің астына гипстік жастықша қояды. Гипсті 2-
2.5 айға салады. Гипсті алған соң бірнеше айға табан астына супинатор
салып жүреді. Орнынан ығысқан жағдайда бір көмекші балтырмен табанның
артқы жағын мықтап ұстап, үстөлге басып ұстайды. Екінші көмекші
табанның алдыңғы жағынан ұстап, жоғары қарай тартады. Осы жағдайда
дәрігер саусағымен ладья, куб тәрізді сүйектерді орнына басып салады.
Сөйтіп гипстік етікшені 1-1.5 айға салады.