Травматология



Pdf көрінісі
бет197/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

АУРУХАНАҒА ДЕЙІНГІ КӨМЕК  
КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Көмек  көрсетуші  дәрігер  ауруды  көрісімен  оның  не  тірі,  не  өлі  екенін 
анықтау  керек.  Оны  дем  алуынан,  тамыр  соғуынан,  жүрек  соғысынан,  көз 
қарашығының жағдайынан, реакциясынан анықтайды. 
Одан  кейін  ауру  жағдайын  қиындатуға  не  себеп  болғанын  және  қай 
мүшесі  зақымдалғанын  (бас,  кеуде,  қарын,  жамбас  және  тағы  басқалары) 
анықтап, алдын-ала диагноз қойып, соған лайықты көмек көрсетеді. 
Аурудың  келешегі  дәрігердің  тез  және  нәтижелі  бірінші  дәрігерлік 
көмек көрсетуіне байланысты. 
Көптеген  жарақат  алған  ауруға  бірінші  дәрігерлік  көмек  көрсеткенде 
жасалады: 

 
травмалық  факторлардың  ауруға  әсерін  тоқтатады  және  оны  жарақат 
алған жерден алып шығу керек; 

 
қан ағуды тоқтатады; 


192 
 

 
ашық жараны таза матамен жабады; 

 
транспорттық иммобилизация жасайды; 

 
анальгетиктер жасайды; 

 
дәрімен ем жүргізеді; 

 
ауыз  қуысын  қаннан,  ас  қалдығынан,  құм-топырақтан  тазартып,   
алмалы-салмалы тіс протезі болса оны ауыздан алады; 

 
керек  болған  жағдайда  уақытында  жасанды  дем  алдырады;  (ауызға-
ауыз, ауызбен мұрынға, дем алдыру аппараттарымен тыныс алдырады); 

 
қажет болса трахеостома жасайды; 

 
керек  болған  жағдайда  жүрекке  сырттан  массаж,  жүрек  ішіне  дәрі 
жібереді. 
Осы  айтылғандарды  жасағаннан  кейін  жайлап  транспорттык 
иммобилизация жасап, жарақаттанғанды ауруханаға жеткізеді. 
Жарақаттанған 
адамды 
ауруханаға 
әкелгенше 
дәрігерліккөмек 
төмендегідей болу қажет: 

 
аурудың  өміріне  қатер  туғызарлық  дем  алу  және  қанайналымының 
бүлінгендерін тауып, оны тез арада жояды; 

 
жедел  реанимациялық  шара  қолданып,  өмірге  зақым  келтірерлік 
өзгерістерге қарсы күреседі; 

 
шамамен  диагноз  қойып,  өмірге  қатер  туғызатын  басым  жарақатты 
анықтайды; 

 
новокаин  ерітіндісімен  блокада,  көліктікиммобилизация      жасап, 
уақытша қан тоқтату және жарақатты сүлгімен таңады; 

 
жол  үстінде  ауруханаға  жеткенше  қан    орнынақұйылатын  дәрі 
(полиглюкин)  құйып,  наркотиктер  жібереді,  азоттың  тотығы  мен  оттегі 
иіскетеді. 
Егерде  іш  құрылыстарының  зақымдалғанына  күдіктенсенаркотик 
беруден байқаулы болу қажет. 
Қосалқы  ауыр  жарақат  болғанда  емдеу  жолын  үш  кезеңге  бөлуге 
болады:  
1. реанимациялық; 2. емдеулік; 3. қайтадан қалпына келтіру кезеңі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет