193
басын, кеудесін, ішін, аяқ-қолын мұқият қарау керек. Аурудың жалпы
түріне, тамыр соғысына, ашық жарасының көлеміне айрықша көңіл аудару
қажет. Шамамен қойылған диагнозды рентгендік тексерумен толықтырады.
Егерде аурудың халі өте нашар болса рентгендік тексеруден уақытша бас
тартқан жөн.
Кеудені қарағанда кеуденің дем алуға қатысын, қабырға сынғанда
сыртқа, не ішке қарап шығып, не кіріп тұрғанын анықтайды. Плевраның
қуысында ауа не қан бар-жоқтығын анықтау қажет. Егерде плевраның
қуысында ауа, қан болса оны инемен алады. Егерде плевра қуысына қан
жиналу өкпенің жарақаттанғанынан болса, ауру халінің ауырлығына қарамай
тез арада операция жасайды.
Іш құрылысының жабық жарақатында шамамен қандай мүшесі
жарақаттанғанын толық анықтауға тырысу керек. Егерде толық диагноз қою
қиындаса диагностикалық лапороцентез жәнелапароскопия жасап қай мүше
жарақаттанғанын анықтау керек те, операция жасау қажет.
Егерде іш құрылысы ашық жарақаттанса, жарадан іштің май шарбысы
немесе ішегі шығып тұрса, жарадан зәр шықса тез арада операция жасалу
керек.
Аурудың ессіз жатуына ауыр бас сүйек-ми зақымы себеп болады. Дем
алудың қатты бұзылу себебі кеуде жарақатынан болады (көптеген
қабырғалардың сынуы, "терезе" тәрізді сыну немесе қабырғалардың екі
жағынан сынуы).
Достарыңызбен бөлісу: