Травматология


Омыртқаның диспластикалық қисаюы



Pdf көрінісі
бет255/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
Омыртқаның диспластикалық қисаюы 
Бұл  науқас  өзінің  өту  жолында  өте  ауыр  ауру  түріне  жатады  және 
балалар  арасында  65-70%  кездеседі.  Диспластикалық  қисаюдың  алғашқы 
себептері  жота  бойының  жетіспей  дамуы  омыртқа  сүйегінің  артқы 
арқауының  бітіспей  дамуы  (незаращение  дужек  позвонка)  не  бір  жақтың 
етінің қалыпты дамымауы (миелодисплазия, сарингомиелия). 
Омыртқа 
сүйегінің 
артқы 
арқауының 
жетіспей 
дамуы 
(спондилодисплазия)  көбінесе  омыртқаның  бірден-бір  бірінші  реттік 
қисаюына  әкеліп  соғады,  соның  әсерінен  кеуде  омыртқаларының  екінші 
реттік қисаюына әкеліп соғады. 
Көптеген  ауруларда  омыртқа  жотасының  жетілмей  дамуы  еттік 
жетімсіздіктерімен қатар жүреді (миелодисплазия). Бұл әртүрлі неврология-
лық белгілермен білінеді: оның ішінде кіші дәрет ұстай алмау, т.б. 
Жалпы  барлық  балаларда  осы  диспластикалық  омыртқа  қисайғанда 
буындардың  тұрақсыздықтарымен,  еттерінің  әлсіздігі  жиі  кездеседі. 
Диспластикалық  омыртқа  қисаюының  ерекшелігі  –  оның  тез  арада  ұлғаюы, 
омыртқа жотасының иілу бұрышының ұлғаюымен омыртқа денесінің жедел 
бұралуы  және  қабырғалардың  шектен  тыс  бұрала  иіліп  доғалануы  өте  жиі 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет