Омыртқа қисаюының негізгі себептері: Омыртқаның қисаюына негізгі алты себепті ауру әсер етеді:
1. Туа пайда болған қисаю;
2. Дисплазиялық қисаю мынадай себептер арқылы:
А) омыртқа жотасының жетіспеуі;
Б) еттердің жетіспеуі (миодисплазия);
В) сирингомиелия;
Г) нейрофиброматоз;
Д) еттердің дамымауы (миелопатия).
3. Неврогендік қисаю:
А) полиомиетиттен кейін;
Б) менингоэнцефалиттен кейін;
В) нейрорефлекторлық аурулар
4. Зат алмасу-гормональдық және дистрофиялық өзгерістердің әсерінен
қисаю;
5. Толықтай анықталмаған (идиопатиялық қисаю);
6. Әртүрлі сырқат себептерінің әсерінен омыртқаның қисаюына әкелуі
мүмкін: жарақат, мешел (рахит), туберкулездік жота ауруы, (спондилез
туберкулезный), омыртқа ісігі және т.б.
Омыртқа жотасының қозғалысы деңгейінің көлемі бойынша –
бекітілген түрі, біртіндеп ұлғаю түрі деп бөлінеді. Омыртқаның қисаюының
бекімеген түрі тез арада дамып кетеді.