1. Бел қисаюы. Бұл қисаю деңгейі XII-кеуде және IІІ-бел омыртқа
арасында сақталады. Осы қисаю аздаған ғана косметикалық өзгерістер
әкеледі және қан айналымы мен тыныс жетіспеушілікке әкеп соқпайды.
Сондықтан бел қисаюы омыртқаның дегенеративті-дистрофикалық ауруы
есебіне жатып,адамнын еңбекке жарамдылығын нашарлатады.
2. Кеуде қисаюы. Бұл қисаю V-Х кеудеомыртқаларының арасымен
шектеледі. Аурудың алғашқы сатыларының өзінде кеуде деңгейі өзгеріп,
қабырғалық құныстық пайда болады. Кеуделік қисаю тыныс және
канайналымының өзгерістерімен қабат өтеді. Бірақта корешоктық ауру және
милы белгiлер тек қан шектен тыс үлкен өзгерістер болса ғана байқалады да,
мұнда да бел қисаюдағыдай екінші реттік остеохондроз болады.