Тұрақты бекітетін операциялар Оның мақсаты-қалыпты түзеткенді тұрақты етіп бекіту. Мұнда
операцияларға артқы спондилодез (Ганли-Уитмен, Гиббс, В.Д. Чаклин)
жасайды. Ол үшін жұмсақ тіндерді ұзын қанат үстіңгі еттермен бірге қисаю
деңгейі бойымен тіледі. Сүйектен орын дайындап: ұзын қанаттарды
доғаларды және көлделең қанаттарды жарады имек жағынан негізгі
қисаюмен компенсаторлық иілім жерінен жарады. Содан кейін балтырдың
үлкен жілігінен сүйек кесіп алып оны осы омыртқада дайындаған сүйектік
шұңқыршаға тікесінен салады. Салынған сүйекпен омыртқалардағы
шұңқыршақ арасындағы, саңылауларға сүйек жаңқаларымен бітейді. 3-4 ай
ауру қатты беткейлікте жатады, содан соң бір жылға дейін ортопедиялық
көмек көрсетіледі.