248
Бұл операциялар омыртқа қисаюын түзету немесе азайту ретінде
қолданылады. Сол үшін Л. И. Щулутко – сіңірлер мен жалғамдарды,
байламдарды, шандырларды және иілген жағынан буын қапшықтарын тілуді
ұсынған. Сөйтіп омыртқаны босаңсыту үшін омыртқа аралық шеміршектерді
(дискілерді) қисаю доғасын иілген жағынан кесіп, содан соң омыртқаларды
ажырағаннан
кейін
бекітеді.
Емдеу-профилактикалық
операциялар
қисаюдың бүкірейген жағындағы жерінен өсуін тоқтату үшін жасалынады.
Бұл операциялар 10-15 жастағы балаларға омыртқаның өсуі жүріп жатқан
кезінде жасалынады. Кеуде омыртқалары қисайғанда Рофа және
Л.К.Закревский операциясы қолданылады. Кеуде омыртқаларын бірнеше
сына тәрізді етіп кесіп оның өсінділерін алып тастайды. Доғаның имек
жерінен 4-қабырғаның омыртқаға бекіген жерінен 6 см-ге дейін кесіп алып
тасталынады. Ашылған 4-омыртқаның да дискілерінің фиброздық
шеңберлерін кесіп тастайды. Эпифизарлық пластиканың өсінді жерінің
жартысын алып тастайды. Омыртқаны түзеп қалпына келтіріп омыртқаның
қисайған жағына кесіліп алынған қабырғалардың ұнтақтарын салып қояды
да жараны тігеді. Операциядан кейін ауру үш жұма бойы етбетінен жатады,
содан соң гипстік көрсетті 3-4 айға дейін ұстайды. Бел қисайғанда Л.Л.
Цивьян алдыңғы немесе алдыңғы-латералды жағынан эпифизеоспондилодез
жасауды ұсынған. Ішті сол жақ омыртқаның алдыңғы жанын тазалап ашады.
Қисаюдың имек жаққа денесін жауып шұңқырша ойық жасап, пульпозды
ядросын алып тастайды және пластиканың жартысын алады да осы ойшыққа
аурудың өзінен алынған кеміктік спонгиозды трансплантант салады.
Омыртқа шектен тыс қисайған болса алдын ала дистрактормен керіп
дайындап алып, соңынан эпифизодез жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: