250
шығып тумайды, тек жамбас-сан буын дисплазиясы түрінде туады да,
кейіннен ортан жілікбасы ұршық ойығынан біртіндеп таяды. Мұндай
кемістік жамбас-сан буынының барлық элементтерін: жамбас шұқыршағын,
санның басын және жан-жағында орналасқан бұлшықеттерін, сіңірлерін,
буын қабығын қамтиды. Бұл аты аталған мүшелердің толық жетілмеуі болып
есептеледі.
Ортан жілікбасының шығып тууы әрбір 1000 балалардың 5-де кездессе,
дисплазия түрінде тууы 1000 нан 16 жаңа туған балаларда кездеседі.
Мұндай кемістіктің көптеп кездесуіне әртүрлі жағдайықпал етеді және
әр жерде бірдей кездеспейді. Ол әр елдің салтына, ауа райы жағдайына, әр
халықтың ұлттық дәстүріне байланысты болады.
168 сурет. Баланы боксесінде ұстау (Индия)
169 сурет. Баланы арқасына таңып ұстау (Нигерия)
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
Мысалы Грузияда, Қазақстанда туған баланы ел салты бойынша қымтап
бесікке бөлегендіктен 9% кездеседі. Егер жас нәресте жамбасынан ешқандай
кемістіксіз туса бесікке бөлеген балада ұршық буыны шықпайды. Ал енді
туған нәрестенің жамбас-сан буынында дисплазия болса, бесікке бөлегенде
дисплазиядан санның басы ұршықтың шұқыршағынан тездетіп шығуына
бірден-бір себепкер болады.
Ал енді негр нәсілді Африка халықтарында, Жапонияда, Индияда, тағы
басқа оңтүстік халықтарында күннің ыстығына байланысты баланы қатты
орап бумаған соң және жүмыс істегенде арқасына не бөксесіне таңып
жүргендіктен бала дисплазиямен туса да кейіннен өзінен-өзі жазылып кетеді
(168, 169суреттер).
Біржақты ортан жілікбасының таюы екі жақты таюдан көбірек
ұшырасады. Сол жақ ортан жілікбасының шығып тууы 1,5-2 есе көп
кездеседі. Қыз балаларда ортан жілікбасының шығып тууы үл балаларға
қарағанда 5 есе көп.
Достарыңызбен бөлісу: