Көліктік иммоболизацияның негізгі принциптері мынадай болу керек:
Таңғыш міндетті түрде екі не үш буынды қамтуыкерек.
Сынған жерді толық бекітпей тұрып аяқты не қолды өз өсі бойынша
аздап тарту керек.
Егер ашық сынық болса сынған сүйектің ұшын жұмсақ тінішіне
кіргізбей, жараны ақ сүлгімен жауып байлағаннан кейін аяқ не қол қалай
жатса сол қалыпта таңғышпен бекіту керек.
Аяқ-қолды таңарда киімді шешпейді.
Тақтайдан жасалған таңғыш салғанда сүйектіңшығыңқы бұдырына
тері мен таңғыш ортасына мақта не жұмсақ мата салыну керек.
Әрқашан есте болу керек, дұрыс салынбаған таңғыш ауруға көмек
бермей, зиянды болуы мүмкін.
Мойын омыртқасы зақымдалғанда Еланскийдің таңғышын пайдаланады
(9-сурет). Омыртқа сынғандағы транспорттық иммобилизация (10-сурет).
9 сурет. Еланский таңғышы
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Кеуде және бел омыртқалар зақымдалғанда жұлынғада зақымдалу қаупі
туады. сондықтан да ауруды қатты носилкага шалқасынан, ал жұмсақ
носилкага-етбетінен 4-5 адамның көмегімен жатқызады. егерде тек қатты
носилкаға жатқызса: - етбетінен жатса - кеуде мен басының астына, ал
шалқасынан жатса - белінің тұсына жастық не бүктетілген киім салыну керек
30
10-сурет. Омыртқа сынғандағы транспорттық иммобилизация:
а) етбетінен б) шалқасынан жатқан
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.