28
алғашқы хирургиялық жолмен тазартудан мұқият өткізгеннен кейін ғана
жасалады.
Ортан жілік көлденең және кесе-көлденең сынған жағдайда,
жарықшақтарды қозғалтпай тастау үшін сүйек ішіне жуан металл штифт
енгізу арқылы, қиғаш сынықтар кезінде деторсиялы-компрессиялы
пластинкалар мен винттерді крест тәрізді салып остеосинтез жасалады.
Ортан жілікті жарықшақтана сынған жағдайда батырылған металл
конструкцияларымен остеосинтез жасалмайды. Жағдайға қарай сүйеккеқаңқа
тарту жақсы нәтиже береді. Егер ауруларды көшіру керек болса, биік етіп
кокситтік гипс салу керек.
Шынтақ сүйектеріне остеосинтезді металл штифтімен, ал кәрі жілікке
деторсиялы-компрессиялы пластинкамен жасауға болады.
Иықтың, балтыр сүйегінің ашық сынықтарына мамандандырылған
көмек кезінде қазіргі дистракциялы-компрессиялы аппараттармен сынықтан
тыс компрессиялық остеосинтез жасалуы мүмкін.
Зақымданған аяқ-қолдың гемодинамика жағдайын төмендетпейтін
батырылған металл конструкцияларын (винттер, контрагайкалы болттар,
тіреуішті спицалар) жарақаттантыс сүйекаралық фиксацияға қосып
пайдаланатын аралас тәсілдер де бар.
Балтыр сүйектері бұлшықеттерінің көп бөлігі соғылып және жаншылып
сынған кезде батырылған шомбал металл конструкцияларын пайдалану
көрсетілмеген, өйткені оларды пайдалану сүйек үстінің кең көлемде
қыртыстануын немесе кеміктің шіруі есебінен сынық деңгейіндегі қан
айналысын нашарлатады. Мұның өзі сынықтан кейінгі асқынудың жиілігін
арттырады, сынықтардың бітуін баяулатады.
Сынған сүйек орнынан жылжымағанда және сынық бір жерде ғана
болған кезде жарақатқа "терезелі" немесе жай тілігі бар циркулярлы гипсті
таңғыштармен емдеуге болады.
Жұмсақ тіндердің жарақатында алғашқы хирургиялық тазартудан
өткізгеннен кейін зақымданған аяқ-қолдың қозғалмауын қамтамасыз ететін
гипсті лонгет немесе жартылай жұмсақ (пластмассалы) модельдендірілген
жақтау салса да жетеді.
Сөйтіп алғашқы хирургиялық тазарту мен одан кейін жүргізілетін
емдердің ішіне ең қысқа мерзімде зақымданған органдардың анатомиясы мен
функциясын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін хирургиялық тәсілдер де
кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: