Травматология


-сурет. Балтыр сынықтарын иммобилизациялау  Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж



Pdf көрінісі
бет40/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
 
 
16-сурет. Балтыр сынықтарын иммобилизациялау 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
ГИПСТІК ТАҢҒЫШТАР 
Қозғалыс-тірек  аппараттарының  іштен  туа  пайда  болған  ауруларын 
және  жарақаттарын  емдеудің  негізгі  екі  түрі  бар:  консервативтік  және 
оперативтік.  Оперативтік  әдіс  қаншама  өзінің  өрісін  алғанмен, 
жарақаттанған сүйекті не іштен туа пайда болған ет-сүйек аруларын емдеуде 
консервативтік  әдіс  негізгі  болып  есептеледі.  Консервативтік  әдістің  негізгі 
екі түрі бар: бекіту және тарту. Консервативтік ем қолданғанда ең маңызды 
әдісі  бекіту  әдісі  болады,  оған  жататындар:  1.  гипстік  таңғыштар;  2. 
Әртүрліпрепараттар  мен  таңғыш  қалақтар;  3.  жұмсақ  бекіткіштер  (бинттер, 
лейкопластырьлық таңғыштар) 
Гипстеу техникасы. Әртүрлі қатайғыш таңғыштар ішінде көп өріс алып, 
қолдану тапқаны гипстік таңғыш. 
Әрбір  травматологиялық  не  хирургиялық  мекемелерде  арнайы 
ұйымдастырылған гипстік бөлме керек. 
Гипстік  бөлме  дұрыс  жұмыс  істеу  үшін  өзіндік  сайман,  құралдары 
болуы керек(17-сурет). 
 
17-сурет. Гипспен жұмыс жасағанда қолданылатын құралдар:  
1,2,3 — гипстік таңғышты кесуге арналған қайшылар; 4 — гипстің 
жиегін керіп ашуға қолданылатын құралдар; 5 — гипстің жиегін қайыруға 
арналған құрал; 6,7,8 — керекті әртүрлі қайшылар (тіке, имек, түймелі);  
9,10,11 —гипсті кесетін пышақтар; 12,13,14 — аралар  
(жартылай дөңгелек, тіке, дөңгелек). 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


34 
 
1. Гипстік бинтпен таңғыш дайындайтын стол; 
2. Арнайы гипс салатын стол (Хоул столы). 
3. Корсет салуға керекті заттар. 
4. Гипс кесетін қайшы. 
5. Гипс ашатын қүстүмсық. 
6. Гипс ажыратқыш. 
7. Гипс кесетін пышақ. 
Гипстік  таңғыштың  төмендегідей  жағымды  қасиеттері  бар:  денеге 
біркелкі  тығыз  тиіп  тұрады,  тез  қатаяды,  жеңіл  алынады.  Дұрыс  салынған 
гипс орнына түсірілген сүйек сынықтарын қозғалтпай ұстап тұрады. 
Гипстік  таңғыштың  екі  түрі  бар:  мақта-сүзгі  төсеммен  және  төсемсіз 
салынатын таңғыш. 
Мақта-сүзгі  төсеммен  салынған  гипстің  мынадайкемістіктері  болады: 
салынған  мақта  гипс  таңғыштың  астын  да  жиырылып  қалып  денеге  батады 
және  денені  толығымен  қысып  ұстамағандықтан  сүйектің  бөліктері  гипс 
астында айқасып кетуі мүмкін. 
Төсенішсіз  салынған  гипсті  тура  денеге  салады.  Бұл  әдіспен  салынған 
гипс  денеде  сүйектердің  шығыңқы  жерлеріне  батуы  мүмкін,  сондықтан 
ондай тұстарға аздап мақта салу керек (18сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
18 сурет. Гипс салғанда "корғайтын"  
сүйектердіңшығыңкы жерлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Гипстік  таңғыштарға  тән  кемістіктер:  гипстік  таңғыш  салған  аяқта 
неқолда ісік пайда болса оны не айырбастап, не алып тастауға тура келеді, ал 
ісік қайтқан жағдайда таңғыш пен дененің арасында бос орын пайда болады 
да  сүйек  сынықтары  айқасып  кетеді.  Сондықтан  да  төсенішсіз  салынған 
циркулярлық  гипстік  таңғышты  салысымен  оны  ұзын  бойымен  пышақпен 
кесіп, ісік қайтқаннан кейін (3-5 күннен кейін) қысып гипсті бинтпен қатайту 
қажет.  Аяқта,  не  қолда  ісік  аз  болу  үшін  гипсті  циркулярлық  таңғыш 
салынғаннан кейін аяқты не қолды жоғары үстау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет