Травматология


-сурет. Илизаров аппараты. 28-сурет. Гудушаури аппараты  Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж



Pdf көрінісі
бет49/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
27-сурет. Илизаров аппараты. 28-сурет. Гудушаури аппараты 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
ҚИСЫҚ БІТКЕН СЫНЫҚ 
Егер сүйек өз орнына түспей бітсе, ондай жағдайды қисық біткен сынық 
деп  атайды.  Қисық  біткен  сынықтың  бәрі  бірдей  аурудың  еңбек  етуіне 
қырсығын тигізе бермейді. Аурудың еңбек етуі қай сүйектің сынғаны, сүйек 
қаншама  қысқарды  және  қисайды,  оның  таяудағы  буынға  тигізетін  әсері 
және  тағы  да  басқа  жағдайларға  байланысты.  Сүйектің қисық бітуіне  себеп 
болатын  жағдайлар:уақытында  сүйекті  орнына  салмау,  емдеу  әдісін  дұрыс 
қолданбағандықтан  сүйектің  орнынан  қайта  қозғалуы,  сынықтың  түріне 
қарамай ерте аяққа күш салу, гипстік таңғышты ерте алып тастау. Айта кету 
керек,  баланың  қисық  біткен  сынығы  өсе  келе  түзеліп  кетеді  деген  ұғым 
дұрыс келе бермейді. Бала сүйегінің тек қана диафизі сынғанда ғана өсе келе 
түзелуі  мүмкін.  Ал  буынның  ішіндегі  сынық  немесе  буынға  таяу  жердегі 
сынық қисық бітсе өсе келе түзелудің орнына қайта қисайғаны ұлғая береді. 
Егер  қисық  біткен  сүйек  еңбек  етуге  мүмкіншілік  бермесе  операция  жасау 
керек.  Қисық  біткен  жерін  ажыратып,  сүйекті  орнына  салу  немесе  басқа 
жерден  остеотомия  жасап  қисайған  сүйекті  түзетіп,    ұзындығын    қалпына   
келтіру қажет.   
Бұл  мақсатқа  жету  үшін  көбінесе  компрессиялы-дистракциялы  аппарат 
қолданылады. 


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет