38
Сүйек сынғанда мүйізгектің пайда болуына мынадай жағдайлар
әсер етеді:
Жасы. Клиникалық бақылау бойынша орта жастағы адамның сынған
сүйегі орташа уақытпен 4-5 айдың ішінде бітеді. Бірақ та әр жасқа сүйек
бітуінің өзіне тән уақыты болады. Мысалы: 1 жастағы баланың
ортанжілігінің сынығы 1 айдың ішінде бітеді, 15 жастағынікі - 2 ай ішінде, ал
50 жастағы адамда - 4 айда бітеді.
Эндокриндік органдардың өзгеруі және басқа да ішкі факторлар.
Сүйектің өсіп бітуі мынадай ауруларда күрт төмендейді: анемияда,
протеиннің азаюында, кахексияда, сүйектің остеопорозында (кәрі адамдарда).
Авитаминозда, сәуле ауруында, әйелдің жүктілік уақытында, бала емізіп
жүрген уақытта сүйек мүйізгектерінің өсуі тоқтап қалуы мүмкін. Сүйек
мүйізгектері өсуінің нашарлауы эндокриндік органдардың жұмысы
бұзылғанда болады, әсіресе заттар алмасуы бұзылса, кортизонды,
гидрокортизонды, преднизолонды тағы да басқа гормональдық препараттар
көп қолданса да сүйек мүйізгектерінің өсуі тоқтапқалады. Ем үшін ауру
дикумаринді, гепаринді пайдаланса сүйек мүйізгегінің пайда болып, өсу
уақыты ұзарады.
Достарыңызбен бөлісу: