ОРТАН ЖІЛІКТІҢ ШЫҒУЫ
Зақым әсерінен жамбас-сан буынының шығуы буын шығулар ішінде
5%-ын құрайды. Буын алдыға немесе артқа шығады. Артқа шығуы: артқа
жоғарғы немесе мықындық және артқы төменгі немесе шонданай сүйегі
үстіне, ал алдыға шығуы: алдыңғы жоғарғы немесе шат сүйегі үстінде және
алдыға төменгі-жапқыш тесік тұсында болып бөлінеді. Сан буынының артқа
шығуы - шонданай және мықынды, алдыға шығудан 3 есе көп кездеседі.
Артқа шығулардың ішінен мықынға шығу басым. Зақым әсерінен жамбастың
шығуы 20-50 жас арасындағы білекті, денелі адамдарда байқалады.
Буынының артқа шығу механизмі зақым күшінің тура түспегендігінен сан
ішке айналып екінші аяғына жабысып тұрады.
Бұл жағдайда сүйектің басы буын қапшығын жыртып оны өзінің
шетімен бұлшықет арасына қысып тастайды, ал дөңгелек байлам толығымен
үзіледі, сан сүйегінің басы жамбас қанатының сыртына және артқы беткейге
қарай орналасады, сан басының төменгі шонданай тұсына шығуында сан
басы ұршықты ойықтың астына және артқа ығыстырылады. Жамбас
шыққанда қатты ауырып, буын шыққан аяғын баса алмайды. Аяқ буынының
61
шығу түріне қарай мәжбүр қалыпта орналасады. Артқа шыққан жағдайда
жамбас-сан буыны бүгіліп, ішіне айналып екінші санға жабысып тұрады,
аяқты қозғалту мүмкін емес (46 сурет, а, б).
46 сурет. Сан буынының шыққан кездегі қалпы (түрі): а) сан сүйегінің басы
жамбас қанатынын үстіне; б) сан сүйегінің басы, шонданай сүйегінің артына
төмен орналасуы; в) сан сүйегінің басы, шат сүйектің алдынғы үстіне қарай
орналасуы; г) сан сүйегінің басы жапқыш тесік үстіне қарай орналасуы.
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Аяқты түзетуге әрекеттенгенде ауырады, бұл жағдайда буын шығуына
тән серіппелі тойтарыс беріледі. Аяқ қысқарады. Шап байламынан астында
ойық байқалады, ал артынан кей жағдайда томпайып, жылжып кеткен
сүйектің басын сипап көруге болады. Үлкен ұршық Розер-Нелатон
сызығынан жоғары орналасқан. Буын басының алдыға шыққан түрінде, яғни
жапқыш тесік және шатсүйегі үстінде тұрғанда аяқтың ұзарғандығы білінеді
(47 сурет, в, г).
47-сурет. Кохер бойынша шыққан сан сүйегінің басын орнына салу:
а) науқастың қалпы; б) артқа қарай шыққан сан сүйегінің басын орнына
салу; в) алдына қарай шыққан сан буының орнына салу
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
62
Ортан жіліктің басы жапқыш тесікке қарай шығу түрінде жамбас
буынының ішкі жағынан сүйек басы білінеді, бөксе бөлігі жалпайған, үлкен
ұршық байқалмайды. Рентгенологиялық тексеру клиника көрінісін
толықтырады. Жамбас буыны наркоз арқылы салынады. Артқа шыққан
буынды салуда Кохер әдісі көп қолданылады. Сырқат едендс немесе столда
арқасымен жатады. Көмекші екі қолымен аурудың жамбасын ұстап тұрады,
хирург шыққан аяқты тізе және жамбас буындарын 90° бүгіп және оны
жоғары қарай тартады, сонымен қоса тізе буынын ішке қарай иеді. Осы кезде
жілік басы сыртқа қарай керіліп, жамбас шұқырына қарсы орналасады. Сол
кезде тізе буынын сыртқа қарай керіп, тізені жазады. (47сурет а, б, в). Буын
орнына түскен жағдайда көбінесе сырт ете түседі.
Буынды Джанелидзе әдісі бойынша салған жағдайда ауруды
зақымданған аяғын салбыратып ішімен столға жатқызады (48 сурет).
Жамбас мықты ұсталып тұру үшін сүйек қырының астына екі құм салынған
қапшық қойылады. Көмекші екі қолымен аурудың жамбасын басып
қозғалтпай жапсырып тұрады. Егер буынды наркозбен салса,онда ауруды
қатты ұйықтағаннан кейін ғана ішінежатқызады.
48 сурет. Джанелидзе әдісімен ұршықбуынды орнына түсіру
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Наркозсыз буынды орнына салғанда ауру етбетінен 10-20 минутжатады.
Көмекші қолымен сегізкөзді қысып, жамбасты қозғалтпай ұстап тұрады.
Хирург стол мен салбырап тұрған аяқтың ортасына тұрып аурудың аяғын
тізеден түзу бұрыш жасап бүгеді, оны аурудың тақымының үстіне өз тізесін
қояды да ортан жілікті өс бойымен төмен қарай басады. Тартуды күшейте
түсіп, тізені үстел астындағы қуысқа қарай итереді де тізені сыртқа қарай
кереді. Осы әрекеттер нәтижесінде сүйектің басы ұршықты ойпатқа
жақындап, сырт етіп түсіп кетеді. Салып болғаннан кейін ауруды
шалқасынан жатқызып, ортан айдаршығы үстінен сым өткізіп, доға кигізіп,
аяғын Беллер шинасына салып, доғадан 5-8кг салмақ іліп 6-8 аптаға керіп
қоямыз. Буынның алдыға шыққандағы түрін салу біраз басқаша. Мұнда
табаннан ұстап аяқты ұзынынан тартып, санның проксимальді бөлігін
ілмешекпен бір жағына тартуын бір уақытта жүргізген жөн. Аяқ буынын
63
салып болғаннан кейін жамбас, тізе және тобық буынын ұстап тұратын
артқы гипсті лонгета салынады. 30 тәуліктен кейін аурулар балдақтың
көмегімен аяғына күш түсірмей 8-10 апта жүреді. Физиотерапиялық
процедура жасалады. Еңбекке жарамдылығы 3 айдан кейін қалпына келеді.
Жамбас буынын салудың ақыры жағымды. Кейбір ауруларда ортан
жіліктіңбасындағы қан айналымының бұзылуы әсерінен асептикалық некроз
және түр өзгертетін остеоартроз пайда болады. Ескірген және орнына
түспейтін жамбас буынының шығуы да операция арқылы түсіріледі. Бірақ
буын салынбайтын жағдайда артқы, сыртқы тілік бойынша салуға, ал
ескірген шығуда буын артродезін жасауға әрекеттенген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |