64
Сирақ буыны уақытында орнына салынбай ескірген болса, оны орнына
салу үшін Волков-Огонесян аппаратын қолдануға болады. Бұл аппарат
ауруға ерте жүгіруге, буынды қозғауға, физиотерапевтік емдерді ертерек
алуға мүмкіндік береді. Сирақ буынының шығу зардабынан тамырлары
бітпей тізенің ойнамалы болып, жүргенде буынды ұстамауы мүмкін.
Сондықтан буынды орнына салған соң, буынның қозғалуын тез өз қалпына
келтіреміз деп асығыстық жасауға болмайды. Өйткені, буынның жан-жағына
жаңадан пайда болатын шандырлар буынды бекітіп, аяққа толық салмақ
салып жүруіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: