Емдеу. Тыныс жолдары жарақаттанғанда тек қана операция көмек
береді. Кеудені артқы жанынан V қабырға арасымен ашқанда, осы тыныс
жолдары өте таяу тұрады. Кеудені ашқаннан кейін өкпенің сыртқы қабын
еппен кесіп ашу керек. Сонда өкпеаралық қуысты, тыныс жолдарын жақсы
көруге болады. Содан кейін ұйыган қанды алып тастап жыртылған жерді
табады да, қандай іс-қимыл істеу керек екендігін шешеді. Емнің мынадай
түрлерін істеу керек:
Жыртылған жерді жіппен тігу.
Жыртылған жердің айналасын еппен кесіп алып тегістеу, кейде
үшбұрыштапне дөңгелетіп кесіп алып тыныс түтік жолын ашу.