КЕУДЕНІҢ АШЫҚТАЙ ЖАРАҚАТТАНУЫ
Склифосовский атындағы институттың көрсеткішіне қарағанда мұндай
жарақат бейбітшілік уақытта көбінесе аулада, үй тұрмысы жағдайында 83,5%
шамасында болады. Олар жастар арасында және 15,6% өзін-өзі өлтіруге
байланысты кездеседі, көбінесе 20-30 жас арасындағы еркектердің масболған
кезінде болады. Ашықжарақат қару-жарақтан оқ тигенде, жарылғыш
заттардан, пышақтасқанда, жол апатында жүргізушінің рульге қайта
ұрылғанында жиі кездеседі. Барлық ашық жарақат өте ауыр жарақат болып
саналады. Есте болатын жағдай-жараның сыртқы түріне карап оны ауыр, не
жеңіл жара деп айтуға мүлде болмайды. Өйткені, сыртқы жара елеусіз болса
да, ал кеуде, іш құрылыстарының қалай жарақаттанғаны, қандай мүше
жараланғанын алғашқыда көпке дейін табу қиын. Өкпе мен оның сырт
қабының ашық жарақаттануы үш түрге бөлінеді.
1. Сыртқы ауаның ашық жарадан ішке кірмеген түрі.
2. Сыртқы ауаның өкпе кабының ортасына кіретін түрі.
3. Сыртқы ауаның өкпе қабының ішіне кіріп, сыртқа қайтадан
шықпайтын, сөйтіп ауаның өкпе қуысына тола беретін түрі.
Кеуденің ашық жарақаттанғанында ауаның кірмеген түрі көбінесе еніп-
кесілген жара болғанда және оқ тигенде кездеседі. Еніп-кесілген жара
болғанда оның маңындағы еттер және басқа да жұмсақ дене бөліктері өте
шамалы жарақаттанады. Мұндай жараларда көбінесе алғашқы бір-екі дем
81
алғанда сыртқы ауа ішке қарай сорылуы мүмкін, сосын жара ұйыған қанмен
бітеліп қалады да, одан әрі ауа ішке кірмейді, мұндайды "сыртқы жабық ауа
кіру түрі" дейді. Осындай жағдайда аурудың хал-жағдайы онша өзгермейді.
Кеуденің ашық жарақаттанғанында ауаның ішке кірмейтін түрінде көбінесе
өкпенің өзі, жүректің, кеуденің ішкі қан жүретін үлкен тамыры, өкпенің қабы
жарақаттануы мүмкін. Мұнда мынадай белгілерді байқауға болады: жараның
маңында тері астына аздап ауа жиылуы, тыңдағанда сол жарақат жақтың
тыныс алуы нашарлайды, тіпті дем алуға қатыспауы мүмкін. Саусакпен
қағып көргенде, кейде ашық бос дауыс естіледі, бұл ауаның өкпе куысына
кіргендігін көрсетеді. Кейде өкпе қабының арасына ауамен қоса қан құйылуы
да мүмкін. Мұндайда саусақпен соғып көргендс дыбыс күңгірт болып
естіледі. Осы жерді түтікпен тыңдағанда (фонендоскоппен) тыныс алу
дыбысы естілмейді. Кейде аурудың аздап қан түкіруі де мүмкін, бірақ та ол
өтесирек кездеседі. Miне, осы белгілер жараның ішкі кеуде қуысына
кіргендігін анық көрсетеді және кеуде қуысындағы іш құрылыстардың
жарақаттанғанын байқатады.
Әлбетте, кеуденің ашық ішіне кірген жарақаттың негізгі белгілері
мыналар: терінің астына ауа жиналуы, өкпе қалтасының ішіне қан жиналуы
және өкпе қуысына ауаның толуы мен аурудың кейде қан түкіруі. Е.А.
Вагнердің айтуына қарағанда /1964, 1981/ осы белгілердің әрқайсысы 56%,
47,6%, 61,2% және 12,6% шамасында байқалады. Ал, Н.В. Хорошко /1965/
осы белгілерді өте сирек кездестіргенін баяндайды.
Осындай жағдайда ауру алғаш қабылдау бөліміне түскенде, өте тез
анықтауға көмектесетін бірден-бір тәсіл-ауруды рентген жасап байқау.
Әрине, мұны аурудың хал-жағдайына байланысты шешу керек. Сәл
мүмкіншілік болатын болса, бұл дұрыс тәсіл. Рентгеннен өкпе қуысына қан
толғанын көлденең деңгейдің болуынан байқаймыз. Ал ауа болса өкпенің
сыртқы жағы мен қабырғаның ішкі жақ аралығынан ақшылдау болып бөлініп
тұрған жерін байқаймыз, осы жерлер өкпе суреті көрінбейді.Өкпе көлемі сау
жақпен салыстырғанда өте кіші болып тұрады. Өкпе мен оның ішкі кабының
жараланғанында кейде ауа екі өкпе арасындағы орталық қуысқа толуы
мүмкін. Егер де ауа қуысқа көптеп толса, онда осы ауа қуыстағы көктамыр
қаны жүретін орталық тамырларды қысып, жүрекке кан келуін азайтып, қан
айналысын нашарлатады да, жүрек жұмысының әлсіреуіне әкеліп соғады.
Сондықтан денеге керекті ауа айналысы нашарлайды.Міне, осылай болғанда
аурудың кеудесінің жоғары жағы, төс шеміршектің, үсті, мойыны, беті, иық
бойлары ісініп, көз алмасы қанталап, бет-пішінінен ауру адамды тани
алмайтын түрге жетеді. Қолмен басқанда жеңіл сықырлаған дыбыс тері
астынанестіледі.
Кейде алғашқы кезінде мойынның көк тамырлары білеуленіп көрініп
тұрады. Тері астындағы ауа екі жақ кеуденің жоғарғы жағына бірдей тарай
бастайды. Ауа өте көп толып кетсе, аурудың тұншыққандай жөтелуі мүмкін.
Кеудесі керіліп қатты ауырғанын және мойынының сыздағанын аурудан
естуге болады. Оған дем алғанда ауа жетпейтін сияқты болады. Оның түсі
көгілдірленеді, суық тер басады, дем алысы өте жиілейді, қан қысымы
82
төмендейді. Өкпе аралық қуысқа осылай ауа толуы көбінесе жабықтай
жарақат алғанда, өкпенің жарылуына Вагнердің (1981) айтуына қарағанда
33,6% шамасында, кеуде сүйектері сынбағанда небәрі 17,6%және қабырғалар
сынғанда тіпті 39,1% шамасына дейін кездеседі.Іс жүзінде кеуденің әрбір
жабық жарақатында тері астына ауа толуын өкпе қабының арасына кернеулі
ауа толуы депесептеу керек (напряженный пневмотракс). Көптеген
деректерге қарағанда осындай жағдай, екі өкпе ара қуысына ауа толуы 52,2%
деңгейінде кездеседі. Жабықтай жарақат алғанда өкпе қабының арасына ауа
толуы көбінесе өкпенің жалбырай жыртылған уақытында болады.
Сондықтан ауа өкпеден шығып, оның қабының арасында жиналады. Осылай
болғанда аурудың дем алысы жиілеп, терең дем ала алмайды, дем алғанда
жарақатанған жағы қатты ауырады. Жарақат жақтағы кеуденің тынысысау
жақпен салыстырғанда төмен болады, қабырға аралыктары керіле бастайды.
Саусақпен басып көргенде теріде сықырлаған дыбыс білінеді. Ал қағып
кергенде ашық бос дыбыс тыңдап көргенде әлсіз дыбыс естіледі, кейде тіпті
естілмейді. Жүрек өз орнынан сау жаққа ауысады, оны саусақпен кағып
көргенде білуге болады.
Ал, ауруды айнаға салып көргенде, кеуде қабы арасында ауаның барын
байқаймыз, өкпенің жабысып қалғанын, жарақаттанған жақтағы кеуде аралық
көк еттің қозғалысының төмен екенін, өкпе аралық қуыстың сау жаққа қарай
ауысқанын байқауға болады. Осындай жағдайдың барын өкпе қуысына ине
шаншып біледі. Онда инеге резеңке түтік жалғап, содан соң оған шприцті
кигізіп, шприцті поршеннің орта деңгейіне қойып қарағанда, ауру дем
алғанда, осы поршень өзінен-өзі қозғалады, бұл өкпе куысы арасындаауа бар
екенін көрсетеді. Аурудыңқан түкіруі оның өкпесі жарақаттанса да қан
түкірмеуі мүмкін. Мұндай жағдай Е.А. Вагнердің (1981) байкауында 31,1%
ауру арасында кездескенін көрсетеді. Қан түкіру бірден байқалмауы мүмкін,
ол көбінесе жарақаттанудың түріне, оның ауыр болуынa және аурудың негізгі
хал-жағдайына өкпенің жарақатының аумағына байланысты. Екінші жағынан
жарақаттанған аурудың көбінесе әлсіздігіне байланысты, олар тіпті өз
беттерімен жөтеле де алмайды. Өкпенің шеткі жиегі жарақаттанғанда аздаған
ғана қан кетеді. Ол біразуақытта өзі тоқтауы да мүмкін. Ал қанның өте көп
мөлшерде кетуі қабырға аралық артериялық қантамырлары жарақаттанса,
ішкі кеуде қан тамыры және өкпе толық жыртылмай, оған қан жиналады
(ушиб легкого). Өкпеге кан жиналғанын табу өте қиынға түседі. Осы күндері
аурудың қызуы көтеріледі, ауа жетіспейтін сияқты көрінеді, дем алғанда сол
қан жиналған жағы қатты ауырады. Кейде қан түкіреді. Рентгенде қарағанда
өкпенің кей тұсында аздаған бұлттанып тұрған сияқты қарайғандарды көруге
болады. Кейде лента тәрізді ұзын шақталған қоңырқай тартқан жерін көреміз.
Ал, өкпе қатты жарақаттанса оған үлкен көлемде қан жиналса, рентгенде
өкпенің жартысы, не кіші бөліктерінің қарайып тұрғанын көреміз, осы
қарайған жерлердің жиектері біркелкі болмайды да, ол біртіндеп сау жеріне
білінбей ауысады. Осындай жағдайда қан үйелеген жер қабысып, тұрады да,
тыныс алғанда осы жерде тыныс қозғалысы болмайды. Көбінесе осындай
жағдайларды әр уақытта рентгеннен байқап табуға бола бермейді. Тыңдап
көргенде осы қан жиналған жерде тыныс дыбысы естілмейді. Осы жақта
83
қабырғалар арасы қабысып тұрады, дем алғанда осы жақтакейде тыныс
қозғалысы төмендеп, болмауы да мүмкін. Саусақпен қағып көргенде осы қан
жиналған жерде ашық өкпе дыбысы естілмейді. Ауру мазасызданады, кеудесі
қысып ауырады, тынысы алуы жиілеп, минутына 40-60 рет дем алады. Тамыр
соғысы жиілейді, әлсізденеді. Өкпеге қан жиналуы жабықтай жарақат алғанда
50-90% шамасында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |