ЖОҒАРЫ КЕУДЕЛІК ЖӘНЕ ОРТА КЕУДЕЛІК ОМЫРТҚАЛАРДЫҢ СЫНЫҒЫН ЕМДЕУ Омыртқаның орта және жоғары кеуделі бөлігі қабырғалармен екі
жағынанда бекітілген, сондықтан бұл бөлік сынса көп өзгермейді және буын
шығуы өте сирек кездеседі. Сол ерекшелігіне карай сынған омыртқаны (осы
бөлікте) түзеуде мүмкін емес.
Орта және жоғары кеуде омырткалар сынығын функциональді,
Гориневский және Древинг әдісі бойынша емдейді. Жоғарғы кеуде
омыртқалары сынса қолтықтан созбай, тартылыс күшін Глиссон ілмесі
арқылы бастан созады.