Жиектік сынулардың болу себебі:
Көбінесе бұл сынықтар тікелей соққы әсерінен кейбіреуі бұлшықеттің
шектен тыс жиырылуы салдарынан болады.
Жамбас сүйегі қалақша басы сынығының клиникалық көрінісі
жамбастың сыртқы жағы ісініп тұрады. Сау жағымен салыстырғанда сынған
жағы жалпақтау және төмендеу тұрады. Жамбас сырт жағында үлкен ісік
болады, басқанда қатты ауырады. Ауру аяғын қозғалта алмайды. Сынған
қалақша басы сыртқа қарай сәл қайырылулы тұрады. Оның себебі ортан
жіліктің үлкен төмпешігіне бекитін мықынның қалың бұлшықеттерінің
жиырылуы салдарынан(ягодичные мыщцы).
Тасымалдау: Қатты тақтай бетіне жатқызып екі тізесінің астына
жастықша қойып, тізелерін сыртқа қайырып, өкшелерін бір-біріне тиістіріп
қоямыз. Ондай қалыпты құрбақа тәрізді қалып немесе Волкович қалпы деп
атайды.
86 сурет. Жиектік сыну 87 сурет. Волкович қалпы
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Емдеу: Ауруға Школьников-Селиванов әдісі бойынша жансыздану
жасаймыз. Ол үшін 0,25%-250мл новокаин ерітіндісін жамбастың алдыңғы-
үстіңгі өсіндісінен ішке қарай 1см алып іштен сыртқа қарай инені кіргізіп
жамбас сүйегінің қырына тиеміз, сөйтіп иненің ұшын жамбас сүйегінің ішкі
жақ қабырғасының бойымен сүйекке міндетті түрде тигізіп тұрып біртіндеп
12-14см тереңдікке дейін енгіземіз. Тері астына 1%-1кубик промедол
енгіземіз. Ауруды қатты төсек бетіне жатқызып, жалпақ матадан тігілген
қалың белбеу (гаммак) жалпақтығы жоғары жағынан L-1 бел омыртқаның
тұсынан, төменгі жағынан санның жоғарғы 1/3 қамтуы керек. Гаммактың
ұзындығы мықын сүйегінің үстіңгі жиегінен 2-4см шығып тұруы керек. Сол
ұшына дөңгелек ағаш енгізіп оны 4-5 жерден көлденең тесіп, екі жағынан да
тесіп, жіп өткізіп төсектің бас және аяқ жағынан балкан рамкаларын
бекітеміз. Сол рамкалар арқылы жіптерді айқастырып орта есеппен 6-8 кг
салмақ ілеміз. Салмақ ауырлығын таңдау ол аурудың сегізкөзі төсек бетінен
5-8см жоғары тұрған деңгейге жеткіземіз. Осы гаммакпен 1,5-2ай бойы
жатады, кейін балдақпен 1-2 айжүреді, жұмысқа жарамдылығы 4-6 айдан
кейін.