135
келтірілген соң жүктің салмағы өзгертіледі, ұршыққа байлаған жүк 4 кг-ға
дейін азайтылады, ортан жіліктің төменгі бөліміне байланған жүк 8 кг-ға
дейін көбейтіледі. Егер репозиция (орнына салу) сәтті болса, созуды 6-8 апта
бойы жалғастырады. Содан соң физиотерапия, емдік жаттығулар
белгіленеді. Жарақат алғаннан кейінгі 6 айдың соңына дейін аяққа салмақ
түсіруге тыйым салынады.
Сынып-шығып кеткен сүйектерді орнына келтіру мүмкін болмаған және
сынықтың орнынан жылжуы әжептәуір болған жағдайда ашық репозиция
жасау керек. Ал бұл да мүмкін болмаса және қарама-қарсы буын жақсы
жұмыс істептұрса, артродез (қозғалмайтын буын) жасау қажет.
Жамбастың ашық сынығын емдеу жарақатты хирургиялык тазалаудың
барлық ережелерін ескере отырып жүргізіледі. Қуық пен үрпі каналы
тесілмей жарақаттанса, консервативті емдеу де жеткілікті, гематурия (қанды
несептің бөлінуі) болса, гемостатикалык дәрі-дәрмектер (кальций хлоридінің
10% ерітіндісі, желатин және т.б.) қолданылады, зәр шығару қиындаса 3-4
күнбойына тұрақты катетер қояды, ал тесіліп жыртылған жағдайда зәрді
сыртқа шығаратын және урегематомаларды түтік арқылы сорғызатын,
зақымданған органдардың анатомиялық тұтастығын қалпына келтіретін
хирургиялық әрекет қажет. Зардап шеккен адам шоктан әбден шыққаннан
кейін, жоғалған канның орнын толтырған соң және операция алдында
жамбас ішіне профилактикалық анестезия жасағаннан кейін ғана оперативтік
ем жүргізіледі.
Қуық кұрсақ ішінде жарылған жағдайда астыңғы лапаротомия
жасалады, қуықтың жарасын тігіп, тігісін мұқият перитонизациялайды және
құрсақ куысын құрғатады.
Перитонит (іш пердесінің қабынуы) болған кезде құрсақ қуысына
антибиотиктер ерітіндісін қайталап құю үшін микроирригатор қалдырады.
Операцияны қуықтың алдыңғы үстінен тесік жасаумен аяқтайды, ол зәрді
уақытша 7-8 күн сыртқа шығару үшін қажет. Өте сирек жағдайларда
операциядан кейінгі кезеңде зәрді тұрақты катетердің көмегімен шығаруда
(зақымның көлемі аздығына толық сенімді болған жағдайда) операцияның
ерте жасалуы, қуық бұлшықеттерінің жақсы болуы, жарылған жердің
кішкене болуы жеткілікті.
Қуыққұрсақ сыртында жарылған жағдайда міндетті түрде касағаның
буындасуының үстінен тұрақты катетер қою, урогематомалы немесе
кейінірек жамбасқа құйылған зәрді түтік арқылы шығару керек.
Егер бұл қуықты оншалықты қалыңдатпайтын және оның қан
айналымына зиян келтірмейтін болса, онда қуықтың жарасын тігуге болады.
Мүмкіндігіне карай кейбір жараларды қуыктың ішінен тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: