Травматология



Pdf көрінісі
бет135/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Тасымалдауы: Волкович қалпында. 
Емдеуі:  Жамбас  ішіне  Школьников-Селиванов  бойынша  блокада 
жасалады.  Қосымша  тері  астына  1%-1  кубик  промедол  жасалады.  Ортан 
жілік үлкен төмпешігіне жұмсақ тінге 1%  15-20мл  новокаин енгіземіз. Сол 
жерге  астынан  үстіне  қарай  сым  өткізіп,  доға  кигіземіз.  Екінші  қаңқаны 
ортан  жілік  айдаршық  үстінен  көлденең  өткіземіз,  доға  кигіземіз.  Жоғары 
доғадан  көлденең  деңгейде  3-5кг  салмақ  ілеміз.  Аяғын  Беллер  шинасына 
саламыз, ось бойынша 3-4кг салмақ ілеміз. Сау жақ табанына тіреуіш қойып, 
науқасты  көлбеу  отырғызып  қоямыз.  2-3  күні  жатқан  жерінде  тексеріс 
рентген  жасаймыз.  Егерде  жілік  басы  жамбас  қуысына  өзінің  орнына  келсе 
тағы  бір  көлденең  деңгейде  1-2кг  салмақ  қосамыз.  Осы  қалыпта  2-2,5  ай 
жатады. Тыныс алу гимнастикасы, массаж, жасына қарай қақырық түсіретін 
дәрі  береміз.  2-2,5  айдан  кейін  тағы  да  тексеріс  рентген  жасаймыз.  Егерде 


126 
 
жамбас шұңқырының ортасы бітсе, онда кокситтік гипс салып 3-4ай  таяқпен 
жүреді, өйткені осы буында қозғалыс болмай қалуы мүмкін. 
 
 
А 
Б 
В 
90 сурет. Жамбас шеңберінің тегістігінің  бұзылып сынуында емдеу әдісі:  
А) Ортан жілік басының жамбас қуысына ену түрін емдеу әдісі 
Б) Тұрақсыз жамбас сынуында қаңқалық тарту жүйесі 
В) Шат айырылғанда қалпына гамак көмегімен келтіру 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Жамбас сынған кезде клиникалық көріністердің айқындалу дәрежесі сол 
сынықтың  өзінің  шегіне,  сипатына  және  көлеміне,  сонымен  қатар 
зақымданған  адамның  ауруға  шыдамдылығына,  жалпы  жай-күйіне,  басқа 
зақымдардың  бар-жоғына,  бұрын  көрсетілген  медициналықкөмекке  де 
байланысты. 
Жамбас  шеңберінің  тұтастығы  сақталған  сынық  кезінде  ауыруы 
көбінесе  сынған  жердің  маңайында  сезіледі.  Жаңқаға  жабысқан 
бұлшықеттердің  жиырылуы  ауруды  үдете  түседі.  Мысалы,  шонданай 
сүйектері  сынған  кезде  зақымданған  сүйек  саусақпен  басса  да,  бұлшықет 
жиырылып  созылса  да  ауырады.  Мықын  сүйегінің  жоғарғы  жағы  бөлініп 
қалғанда  тігінші  бұлшықетінің  созылуы  ауру  тудырады,  соның  салдарынан 
зақымданған  адам  артына  қарай  жүреді  /Лозинскийдің  симптомы,  немесе 
"артқа  жүру"  симптомы/.  Шат  сүйегінің  жоғарғы  тарамы  сынған 
кездеаурудың  салдарынан  созылған  аяқты  жамбас-сан  буындары  тұсынан 
бүгу  мүмкін  емес,  сондықтан  адам  оны  төсекте  өкшесін  сүйрете  өзіне 
тартады,  бірақ  әлсіз  аяғын  қолмен  демейді  /бел  мықын  бұлшықеті  шат 
сүйегіне  қысым  келтіріп,  немесе  сынық  ұшының  жарақаттануы  тоқталады/, 
бұл "жабысқақ өкше" симптомы деген атқа ие болған. 
Мықын  сүйегінің  қыры  сынып,  бөлініп  кеткен  жағдайда  іштің  қиғаш 
бұлшық  еті  жиырылып  ауырады,  мықын  сүйегінің  артқы  жоғарғы  жағы 
сынған  кезде  сакроспинальдік  бұлшықеттер,  құйымшақ  сынып,  буыны 
шыққанда жамбастың көк еті ауырады. 
Мықын сүйегінің қыры сынған жағдайда ауру адам бір жағына қисайып 
жүреді.  Сүйектің  зақымданған  тұстарын  саусақпен  сипаса  ауырады,  бірақ 
жамбас  шеңберінің  зақымданған  жерін  басқанда  ауру  білінбейді.  Әдетте 
гематомалар  үлкен  болмайды,  олар  терінің  астында  көзге  көрінбейтіндей 
болып тек 3-5 күн өткеннен кейін ғана байқалады. 


127 
 
Жамбас шеңберінің тұтастығын бұзған сынықтардың анағұрлым айқын 
белгілері  болады,  өйткені  ол  тірек  функциясының  бұзылуына,  спонтанды 
/өрши  түскен/  және  ауру  тудыратын  қан  кетулерге  байланысты.  Көп 
жағдайда  жарақаттан  шок  дамиды.  Зардап  шегушілер  өз  бетімен  жүру 
қабілетінен айрылады. 
Екі жерден тігінен сынған жағдайда жамбас сүйектің латеральды бөлігі 
екі  аяқпен  бірге  проксимальді  түрде  жылжиды  /іш  бұлшықеті  мен  шаршы 
бұлшықеттің  тартуы/  және  Сыртқа  қарай  ашылып  кетеді  /бөксе  үлкен 
бұлшық етінің тартуы/. Зардап шегуші мұндай жағдайда бүкшиіп, аяқ-қолын 
екі  жаққа  жайып  /Волковичтің  симптомы,  "құрбақаның  қалпы'/  жібереді. 
Саусақпен  басқан  кезде  жамбас  шеңберінің  алдыңғы  және  артқы  бөліктері 
ауырады.  Кеуденің  және  аяқтың,  жамбас  сүйектің  байланысты  ұшының 
бұлшықеттеріне күш жіберсе ауырғаны жанға батады. Кеудені керуге әрекет 
жасағанда  /жөтелгенде,  іш  тұсына  күш  түскенде  және  оны  саусақпен 
басқанда/  ауыру  пайда  болады.  Көп  қан  кету  белгілері  байқалады. 
Жамбастың  шығып  тұрған  ұшын  саусақпен  басып  та  байқауға  болады. 
Алғашқы  сағаттарда-ақ  шат  және  құйымшақ  май  құйрық  тұсында  гематома 
байқалады.  Өте  қиын  жерде  орналасқан  құрсақ  ішілік  гематомасынан 
тітіркендіру  салдарынан  перитониальді  симптом  байқалуы  мүмкін 
/псевдоперитонеальдік/,  зәрдің  рефлекторлы  бөгелуі  де  жиі  байқалады. 
Жамбастың 
бір 
жағытік 
сынған 
жағдайдааталған 
симптомдарды 
зақымданған жақтан табуға болады. 
Перкуторлы  дыбыстың  әлсіреуіне  қарап  және  ішекті  саусақпен  басып 
тексеру  арқылы  шамамен  жамбастың  ішіндегі  және  іштің  алдыңғы 
жағындағы  гематоманың  /қанды  ісіктің/  көлемі  мен  орналасуын  шамалап 
анықтауға болады. 
Жамбас  диагональді  сынған  жағдайда  жамбас  шеңберінің  алдыңғы 
бөлігінің  бір  жағында,  ал  артқы  бөлігінікі  оған  қарама-қарсы  жақта 
орналасса,  онда  артқы  сынықтың  жазықтығынан  жамбастың  тек  барлық 
латеральді  /қаптал/  бөлігі  ғана  емес,  сонымен  бірге  алдыңғы  жағындағы 
алдыңғы бөліктің медиальді /ішкі/ фрагменті де орнынан жылжып кетеді. 
 Осыған  байланысты  сынық  қай  щеңбердеболса  сол  жер  ауырады. 
Осылайша  жамбастың  оң  немесе  сол  жақ  бөлігі  жылжып  кеткен  жағдайда, 
орналасу ассиметриясын анықтауға болады. 
Егер  жоғарыдағы  келтірілген  симптомдар  дәл  диагноз  қоюға  әлі  де 
жеткіліксіз  болса,  жарақаттанған  адамның  жай-күйі  мүмкіндік  берсе,  онда 
диагностикалық  тәсілдер  қолдануға  болады.  Ол  үшін  жамбас  шеңберіне 
аздап қысым түсіргенде сынған жердің ауруына негізделген мына тәсілдерді 
қолдану қажет: жамбасты мықын сүйегінің қырынан ептеп басу; жамбастың 
мықын сүйегінің қырын екі жаққа аздап ажырату; мықын сүйегінің қырымен 
шонданай  томпақ  жерінің  арасын  шамалап  ашу  немесе  созылған  аяқтың 
өкшесін  ұрғылау.  Жамбастың  ұршықтан  сынуы  зақымның  формасы  мен 
дәрежесіне  қарамастан  буын  шеміршегін  зақымдайды  және  мұнан  кейін 
асқыну  қаупін  тудырады  /контрактура,  бұлшықеттің  тартылуы,  анкилоз, 


128 
 
дсформациялаушы  остеоартроз/.  Зақымдану  неғұрлым  күрделі  болса, 
солғұрлым жиірек асқынады, бұл әсіресе, сынған кезде сүйек жанқаларының 
орнынан жылжып кетуі, ортан жілік басының ұршық ойығынан тайып кетуі, 
жілік  басының  жамбастың  орта  тұсына  қарай  жылжуы  /орта  буынның 
шығуы, созылуы/ кезінде байқалады. 
Мұндай зақымданулардың  симптомдары буынның белсенді қызметінің 
бұзылуына,  буынды  жайлап  қозғалтқанда  және  саусақпен  ептеп  басқанда 
ауыруына,  ұршықтың  үлкен  басын  аздап  ұрғылағанда,  өкшеге  ұрғылағанда, 
ұршықты  басып,  жамбасты  қысқан  уақытта  пайда  болатын  ауруға 
байланысты. 
Егер  ұршық  ойығы  сынып,  сонымен  бір  мезгілдеортан  жіліктің  басы 
шығып кетсе онда аяқ әдеттегі буын шыққандағыдай күйде қалады. Тік ішек 
арқылы  саусақпен  сипалап,  басып  тексергенде  сынған  тұстың  ауруы  және 
ісінгені, кейде жамбас сүйектің сықырлауы байқалады. 
Жамбастың  сынып,  буынынан  шығуы,  шат  сүйегі  мен  сегізкөз-мықын 
буындасуының  жамбас  сүйектеріне  біріккен  жерлерінің  бір-бірінен  ажырап 
кетуінен  пайда  болады.  Шыққан  кезде  жамбас  сол  шыққан  жағындағы 
аяқпен  бірге,  әдетте  жоғары  және  артқа  қарай  жылжиды,  сөйтіп  бір  жақты 
тік  сынықтың  клиникалық  симптомдарына  ұқсайды.  Бірақ,  байланыстыру 
аппараты  бүлініп  жамбастың  тірегіштік  қабілеті  жоғалғанмен  де  ол   
проксимальді  түрде  жылжымауы,  ал  артқа  қарай  жылжуы  шығып  кету 
дәрежесінен аспауы мүмкін. 
Орнынан  таймаған  болса,  немесе  тек  артқа  қарай  тайса,  клиникалық 
көрінісі  анық  болмайды.  Саусақпен  басқанда  ауыру,  симфиз  және  сегізкөз-
мықын  буындарының  біріккен  тұсына  салмақ  түсіргенде,  созылған  сау 
аяқтың  өкшесіне  ұрғылағанда,  жамбастың  кемік  басын  қысып  екі  жаққа 
айырғанда  пайда  болатын  ауыру  дұрыс  диагноз  қоюға  көмектесуі  мүмкін. 
Бүгілген сан мен тізе буынының ішкі ротацисы кезінде алмұрт тәрізді және 
бел-мықын  бұлшықеттерінің  тартылуы  салдарынан,  кейде  бүгілген  санды 
буыннан  не  олай,  не  бұлай  қозғалған  кезде  зақымданған  сегізкөз-мықын 
буындарында ауру пайда болады. 
Қиысы кетіп жылжығанда симфиз /шат сүйегінің бір-бірімен жалғасқан 
жері/ маңайының деформациясы, мықын сүйегінің артқы-жоғарғы қырының 
орналасуында  ассиметрия,  кейде  сегізкөздің  артына  кетіп  қалуы  оңай 
байқалады. 
Кейде байламаппарат түгелдей үзіліп кетпесе жарақаттанған адам жүре 
алады.  Онда  арқаның  ішкі  бұлшықеттеріне  күш  түскені  байқалып,  кеудені 
жазғанда ауру пайда болады. Белдің майысқан жері түзеліп, омыртқалардың 
қарама-қарсы  жаққа  қисайғаны  байқалады,  сау  аяқпен  қатты  адымдау, 
отырған адамның тез тұрып кетуі мүмкін болмайды. 
Жамбас  органдары  бір  мезгілде  зақымданған  жағдайда  жамбас 
сынығының  клиникалық-симптомдар  комплексіне  /ауру  белгілерінің 
жиынтығына/ тиісті органның зақымдану белгісі де қосылады. 


129 
 
 
91 сурет. Жамбас сүйегі сынған науқас қалпы — «құрбақа қалпы» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет