Мальгений сынығы-жамбас сүйегі денесінің артқы жағынан тікелей
сынуы, алдыңғы жағынан қасаға мен отырықшы сүйектердің сынуы, осы
айтылғандар екі жақтан да бірдей сынуы мүмкін. Мальгений көбінесе жол
көлік апаты, жамбас сүйегі артынан алға қарай немесе артынан қатты соққы
алғанда болады. Мұндай жағдайда ішкі ағзаладың зақымдалуы мүмкін.
Мұнда да жамбас сынған бөлігі жоғарыдан артқа қарай ығысуы мүмкін. Шат
маңы, жамбастың сыртқы артқы жағында үлкен ісік пайда болады, сүйектен
және жыртылған еттерден деңгейлі 2-3 л қан жоғалтады. Сөйтіп ауру ауыр
шок жағдайында жеткізіледі. Осы жақ жамбасы, аяғы сыртқа қарай бұралып
жатады.Ешқандай қозғалыс жасау мүмкін болмайды. Ауруға шокқа қарсы ем
толық жүргізілуі тиісті. Бұған да Поляковтың ұзартылған гемостотикалық
сүйекішілік жансыздандыру жасалады. Мұнда жоғарыда көрсетілген
жамбастың шығуындағыдай үш әртүрлі кеңістікте қаңқа тарту арқылы
орнына саламыз. 1 жылға дейін жұмысқа жарамсыз.