Травматология


Білек сүйектерінің диафизінің сынуы



Pdf көрінісі
бет162/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
Білек сүйектерінің диафизінің сынуы 
Бұл  сынықтар  тікелей  әсер  еткенде  болады.  Білекке  тікелей  құлағанда, 
тікелей соққы тигенде екі сүйек те сол жерден сынады. Білекті бүгіп, жазып 
барып құлағанда бүгулі сынық пайда болады. Бұл жағдайда екі сүйек әртүрлі 
жерінен  сынады.  Әрқайсысы  ең  жіңішке  жерінен  сынады.  Кәрі  жілік 
жоғарғы жағынан, шынтақ сүйегі төменгі жағынан сынады.  
Білек  сүйектерін  тығыз  қоршап  тұрған  білек  бұлшықеттері  саусақ  пен 
алақанды  жазатын,  бүгетін  бұлшықеттер  және  алақанды  сыртқа  қарай 
қайыратын  ұзын  бұлшықет  және  бірінші  саусақты  жоғары  керетін,  сыртқа 
қайыратын  бұлшықеттер  тартылып  сүйек  бөліктерін  ұзына  бойына 
ығыстырады  және  сүйекаралық  байламға  қарай  сығады.  Сонымен  қатар 
пронаторлар  өзіне  бекитін  сүйекті  бұрайды.  Білекті  бүгетін  және  алақанды 
астына  қарай  бұрайтын  бұлшықеттер  күші  саусақтармен    алақанды  бүгетін 
және  алақанды  астына  қарай  бұратын  бұлшықет  күшінен  әлдеқайда  күшті. 
Сондықтан  диафиз  сынғанда  білек  пронация  қалпында  қалады.  Егерде 
сынық pronator teres – тің бекіген жерінен төмен болса, онда орталық сынық 
бөлінгі  пронация  қалпында  және  шеткі  де  пронация  қалпында  болады. 
Егерде  кәрі  жілік  сынығы  pronator  teres-тің  бекіген  жерінен  жоғары  болса, 
онда  орталық  сынық  бөлігі  супинация  қалыпта  болады.Оның  себебі  оған 
бекитін  тоқпан  жілік  екібасты  бұлшықеті  жиырылуынан  сынық  бөлігі  алға 
және  жоғары  қарай  көтеріледі.  Осы  қатар  шеткі  бөлігі  pronator  teres  –  тің 
жиырылуы салдарынан пронация қалпында қалады.  
Кәрі  жілік  бұлшықеттері  шынтақ  бұлшықеттеріне  қарағанда  әлдеқайда 
күшті.Сол себепті кәрі жіліктің ығысуы шынтаққа қарағанда үлкен деңгейде 
болады.  Сондықтан  кәрі  жіліктің  ұзындығы  шынтақ  сүйегіне  қарағанда 
әлдеқайда қысқа көрінеді, білек кәрі жілікке иіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет