Травматология


М.ғ.д. Б.Е.Тулеубаевтың жамбас-сан буынының патологиялық



Pdf көрінісі
бет170/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

М.ғ.д. Б.Е.Тулеубаевтың жамбас-сан буынының патологиялық 
өзгерістері бар науқастарға эндопротез  
жасау операциясы 
Жамбас-сан  буынын  ашуды  ортан  жіліктің  үлкен  төмпешігінің астынан 
жоғары  қарай  4-6см  етіп  тіліп,  ашқаннан  кейін  ортаңғы  мықын  етін  үлкен 
төмпешіктен  сылып  алып  бөледі.  Ол  үшін  аяқты  15-20˚-қа  сыртқа  қарай 
бұрайды  да  үлкен  төмпешікті  жартысына  дейін  кеседі  де  оны  Гоман 
ілмегімен  жоғары  көтереді.  Содан  кейін  буын  қабын  «Т-әріпі»  тәрізді 
алдыңғы жағынан тіледі. Буын қапты мойынға бекіген жерінен 3  мм жоғары 
дөңгелетіп кеседі.  


166 
 
Гоман  ілмегін  жамбас  шұқырының  алдыңғы  жағынан  етпен  буынқап 
арасына  орналастырады.  Содан  кейін  ортан  жілік  басын  жараға  шығарып 
алады да ортан жілік басын мойынынан кесіп алып тастайды. Буында сүйек 
өсінділері  болса  оларды  алып  тастайды.  Жамбас  шұқырын  арнаулы  шар 
тәрізді фрезалармен ояды да біртіндеп жамбас ойығының көлемін кеңейтеді. 
Ортан  жілік  каналын  арнаулы  фрезалармен,  бұрғылармен  кеңейтеді.  Канал 
ішін  майда  егеулермен  егеп  тегістейді  де  протездің  аяқшасын  осы  каналға 
енгізеді.  Содан  кейін  керекті  ортан  жілік  протез  басын  жамбас  шұқырының 
көлеміне  сәйкес  келетінін  таңдап  алады.  Сол  протезді  жамбас  шұқырына 
енгізеді.  Ортан  жілік  мойнының  компонентіне  Морзе  конусына  тығыздалып 
протез  басы  кигізіледі.  Жаңа  қойылған  буындағы  қозғалыс  көлемін 
анықтайды. 
 
 
129 сурет. Жамбас-сан буынын эндопротездеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет