Травматология


Білезік сүйектерінің сынуы



Pdf көрінісі
бет165/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
Білезік сүйектерінің сынуы 
Ол сүйектердің сынуы көбінесе уақытында дұрыс диагноз қойылмайды. 
Сондықтан  адам  буын  байламының  созылуы  деген  диагнозбен  келеді.  Бұл 
сынықтар себебі қолды жазып құлағанда және алақанмен  құлағанда болады. 
Кейде тікелей соққы әсерінен болады. Көбінесе ладья тәрізді және жартыай 
тәрізді сүйек жиі сынады. 
Клиникалық белгілері: Ладья тәрізді сүйек сынғанда білезік буынының 
сырт  жағында  екінші  алақан  сүйегінің  негізі  маңында  ісік  пайда  болады. 
Білезік  буынын  сыртына  қайырғанда  қатты  ауырады,  басып  көргенде 
күшейеді.  Сонымен  қатар  1-2  саусақты  өс  бойымен  итергенде  қатты 
ауырады.  
Диагноз:  Рентген  арқылы  қояды.  Көбінесе  сынық  орнынан  онша 
ығыспайды.  Егер  сынып  шыққанда  орнынан  ығысуы  мүмкін.  Сондықтан 
гипстік  лонгетті  алақан-саусақ    буынынан  білектің  жоғарғы  1/3  бөлігіне 
дейін алақанды тік қалыпта шынтаққа қарай қайырыңқырап саламыз. Гипсті 
ұзақ  уақыт  4-6  айға  салады.  Біту  мерзімі  өте  баяу.  Бұл  сүйектердің  кейде 
некрозға  ұшырауы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  ладья  сүйегін  алып  тастаймыз. 
Алып  тастаған  соң  ауырғаны  азайып,  бірақта  білезік  буыны  қызметі  толық 
қалпына келмейді. 
Жартыай  тәрізді  сүйектің  сынуы  –  ладья  сүйегіне  қарағанда  сирек 
кездеседі.  Көбінесе  осы  сүйектің  шығуы  жиі  кездеседі.  Себебі  биіктіктен 
алақанды  шынтаққа  қарай  бұрып  құлаған  жағдайда  шығуымен  қоса  жүруі 
мүмкін.  
Клиникасы:  білезік  буыны  сырт  жағында  ісік,  білезік  буынын 
ортасынан  басса  қатты  ауырады.  3-4  саусақты  ось  бойымен  итергенде 
ауырғаны күшейе түседі.  


162 
 
 
125сурет. Білезік сүйектерінің сыну түрлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Орнына  салу:  тоқпан  жілік  және  білекті  90˚  бүгіп  үстел  үстіне  қояды. 
Екі  көмекші  екі  жаққа  ось  бойынша  тартады.  Осылай  тартқан  уақытта 
саусақтарды  бүгетін  ұзын  бұлшықетінің  керілуі  кезінде  ол  сүйек  бөлігін  өз 
орнына  қара»й  ығыстырады.Бірақ  орнына  салу  үшін  10-15мин  тарту  керек. 
Орнына  түскен  соң  3-8  апта  гипстік  бекіткіш  саламыз.  Егерде  жартыайшық 
сүйегі  шыққаны  уақытында    анықталмаса,  салынбаса  онда  операциялық 
жолмен  ол  сүйекті  алып  тастайды.  Егер  алмаған  жағдайда    шығып  тұрған 
сүйек  артқы  жүйке  тармақтарын  басып,  әртүрлі  асқынысқа  әкеледі.  Алып 
тастауды  осы  сүйек  жапырылып(компрессионный)  сынғанда  жасайды. 
Өйткені некрозға ұшырайды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет