Травматология



Pdf көрінісі
бет173/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
Емдеуі: Ортан жілік көлденең, қиғаш, бұралып сынған жағдайда сынған 
жерге 1%15-20 мл новокаин ерітіндісін енгіземіз. Көлденең сынған жағдайда 
мүмкіндігінше бір мезетте жабықтай орнына салу керек. Жоғарғы 1/3 бөлігі 
көлденең,  қиғаш,  бұралып  сынған  жағдайда  әрқашанда  шеткі  бөлікті 
орталық бөлікке  апару  керек.  Ол  үшін  осьтік  бойынан  төмен  қарай  тартып, 
шеткі  бөлікті  сыртқа  қарай  біртіндеп  керу  керек.  Сөйтіп  орталық  бөлік 
ұшына  қарай  жеткенше  тарту  керек.  Сол  жерден  орнына  салу.  Көлденең 
сынық орнына түсетін болса рентген жасап анықтап, төстің етегінен бастап, 
бақайдың  басына  дейінкокситтік  гипс  салынады.  Бұл  жағдайда  сау  жақ 
аяқты  сыртқа  қарай  керіп  тізеге  дейін  гипстік  байлам  салу  керек.  Осы 
қалыпта  1,5-2  ай  гипста  болады.  1,5-2  айдан  кейін  сау  жақ  аяқты  гипстан 
босатамыз.  Ауруды  таяқпен  басып  жүруді  үйретеміз.  Ортаңғы  1/3  бөліктен 
сынғанда  осьтік  бойынан  тартып  орнына  саламыз.  3,5-4айға  кокситтік  гипс 
салады.  Төменгі  1/3  бөлігі  сынса  балтырды  сәл  ішке  қарай  иеміз.  Тізе 
буынын  80-90С  бүгеміз.  Шеткі  бөлік  астына  жұдырықты  тіреп  жоғары 
көтеріп, кокситтік гипс саламыз. 
Қиғаш, бұралып сынғанда көбіне қаңқа тарту арқылы саламыз. Ол үшін 
айдаршық  үстінен  көлденең  сым  өткізіп  доға  кигіземіз,  астына  Беллер 
шинасын  қоямыз.  Сыну  орнына  байланысты  жоғарыдағы  көрсетілген 
қалыпқа келтіріп тартамыз. Осы қалыпта 1,5-2 ай жатады. Сол мерзім ішінде 
бірінші реттік сүйек мүйізгегі пайда болуы тиіс.Сол мерзім өткен соң жатқан 
жерінде  рентген  жасаймыз.  Бірінші  реттік  сүйек    мүйізгегі  пайда  борлған 
жағдайда, 
сынған 
жерді 
қағып 
көргенде 
науқас 
ешқандай 
ауырсынбайды.Содан  кейінғана  кокситтік  гипске  ауыстырамыз.  Ауруды 
таяқпен  жүруге  және  аяғын  демеп  басуға  рұқсат  береміз.Осы  қалыпта  4,5-
5ай  жүреді.  Төменгі  1/3  бөлікті  жабықтай  орнына  салғанда  шеткі  бөлік 
астына  құмнан  жасалған  тығыз  жастықша  қойып тартамыз.  1,5-2ай  жатады. 
Рентген  жасап  бірінші  реттік  мүйізгек  пайда  болған  жағдайда  тағы  да  4-4,5 
ай кокситтік гипс салынады. Таяқпен жүруге рұқсат беріледі.  
 


169 
 
 
135 сурет. Қаңқа салуға керекті құралдар. а —ЦИТО доғасы;  
Киршнера сымымен; б — сымды керуге арналған кілт;  
в — сымды өткізуге арналған қол бұрғы; г — электрлік бұрғы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет