Емдеуі: Буынішілік сынықтар буынсыртылық сынықтарға қарағанда
өте жаман бітеді. Жиі бітпейді. Себебі жілік басы мен мойны ақ қабықпен,
етпен қапталмаған. Жілік басымен мойны буынқап бекіген жерден сүйекке
өтетін ұсақ капилляр арқылы қоректенеді. Сынған жағдайда бұл капилляр
толық жыртылады. Сондықтан қанайналым болмағандықтан бітпейді. Бұл
сынықты көбіне операциялық жолмен емдейді. Көбінесе эндопротездеу
арқылы емделеді.
Ә. М. Сагиновтың ортан жілік мойны сынғанда бекіту үшін қолданатын сүйекішілік компрессиялық бекіткіші Ол құрылым шеңберлі арнаулы тесіктермен жасалынған және оған
орнатылған сымды ұстататын құрал және сым. Оның ерекшелігі әсіресе
буынға таяу жердегі сынықтарды мықтап бекіту үшін доға Т әріпі тәрізді
ішіне қарай доға иіліп, негізімен сыртқа қарай шығыңқы тұрады. Екі
жағынан сымды (спицаны) ұстап тұратын бекіткіштер бар. Орындау әдісі.
Сүйек сынықтарын орнына салғаннан кейін ортан жілік басына стержень
енгізеді-№1, оған түтік енгізеді-№4, егерде құрылым ортан жілік мойнында
дұрыс тұрса №4 түтікшені сыртқа қайта шығарып алады. Содан кейін
каналға сым (спица) №2 енгізеді. Ол канал бойымен біртіндеп сүйек тініне
енеді. №3 фтулканы №1-ші стерженге бұрайды және №4 түтік №2 сымды
сығады. Сөйтіп екеуінде сығады. №4 түтік ұшына №9 шайбаны қояды, №8
және №10 серіппелерді (пружина) қояды. №11 сомды (гайка) бұрағанда
сүйек бөліктері бір-бірімен жақындап, өзара сығылады.
128 сурет. Ортан жілік мойны сынғанда арнаулы
компрессиялық шегемен бекіту