БАЛАЛАР ШОГЫН ЕМДЕУДІҢ БАРЫСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Шок балаларда тез дамып, аз уақыт ішінде асқынып кетеді /II және III
дәрежелі/. Сонымен бірге органдар мен жүйелердегі терең, тым тұрақты
функционалдық өзгерістердің өзі көп жағдайларда қайтымды келеді.
Терапевтік шаралар комплексі негізінен ересектерге арналғанмен
бірдей, бірақ өз ерекшеліктері болады. Венаға және тіпті артерияға қанды бір
сәт ағыза күшпен құю үнемі дұрыс нәтиже бере бермейді. Таңдап алынатын
тәсіл артерияға үздік-үздік күшпен ағыза жіберу болып табылады әрі
ампуладағы қысым баланың қалыпты артериялық қысымынан 60-80% артық
болуға тиіс; артериялық қысым сынап бағанасының 5 мм-нен артқан сайын
осы жеткен деңгей әбден тұрақтағанша үзіліс жасап отыру қажет; веналык
қысым тез артқан жағдайда күшпен ағызып енгізу тоқтатылады. Венаға қан
мен сүйық құюды артериялық қысым қалыпты деңгейге дейін көтерілгенше
веналық қысымды бақылай отырып, тек тамшылату тәсілімен жүзегеасыру
керек.
Медикаменттік дәрі-дәрмектер, вазопрессорлар, гормондар, витаминдер
және т.б. баланың жасына қарай мөлшерленеді.
Артериялық қысымды қолдан тұрақтандыру новокаинның 0,5%-тік
ерітіндісін 0,5 мл/кг мөлшерінде венаға жіберу жолымен жүзеге асырылады.