ТРОМБЭМБОЛИЯ Жарақат алынған күннің алғашқы күндерінде жиі, қатал, өлімге дейін
әкеп соғатын сүйектің сынғанынан пайда болатын асқыну өкпе
артериясының тромбэмболиясы. Өкпе артериясының тромбэмболиясы
көпшілігінде жамбас және аяқ сүйектері сынғанда пайда болады. Бұл
асқынуданауру өлімі 10-20% жетеді.
Қанұюының пайда болу көзі жамбастың, санның, балтырдың веналық
қан тамырында қанның ұюы болып есептеледі. Жарақат алғаннан кейін
бірінші 6-10 күн ішінде жарақаттанғандардың 60% - ында флеботромбоз
болатыны флебографикалық әдіспен толық анықталады.
Сүйек сынғанда флеботромбоз болудың бірде-бір себебі төсекте жатқан
аурудың аяғының веналарында қан айналысының баяулауы және ұзақ уақыт
гипстік таңғышта болуы, бүлшық ет арасына құйылған қанның қысуынан
және жарақаттың әсерінен пайда болған ісіктің қысуынан веналық қанның
кейін қайтуы нашарлайды, оған қосымша зақымдалған тіндерден тіндік
тромбопластиннің қан тамырына түсуіне байланысты болады. Аяқ сүйектері
сынған көпшілік аурулардың гемокоагулограммасы гиперкоагуляцияға
қарай өзгеруі флеботромбоздың болуына әкеп соғады да, кейіннен өкпе
артериясының тромбоэмболия болуына душар етеді.
Уақытында аяқтың терең веналарындағы тромбозын анықтау өте
қиынға соғады және онша белгісі болмайды.
Ал аяқтағы пайда болған ісікті және ауырғанын сүйектің
сынғандығынан деп ойлайды.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясының дамуы мен клиникалық
ағымында екі вариант болады.
1. Үлкен тромбпен дереу өлімге әкеп соғатын кенеттіэмболия.
2. Біртіндеп дамитын өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Бірінші нұсқаұзақ қозғалмай төсекте жатқан адам, кенеттен дөрекі
қозғалыс жасағанда пайда болады.