Травматология



Pdf көрінісі
бет211/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Клиникасы.  Аурудың  жағдайы  кенеттен  шұғыл  нашарлайды,  коллапс 
болуы  мүмкін,  есінен  танады,  көгереді,  әсіресе  дененің  жоғарғы  жағы  жылдам 
дем  алып  алқынады.  Кей  уақытта  алдымен  төс  сүйегінің  артында  ауру  пайда 
болып тұншығады, коллапс тереңдеп осы қалыпта жүрек соғысы тоқтауы мүмкін. 
Ең көп кездесетін симптомдардың бірі дем алудың нашарлауы, диспноэ 
дамиды немесе тахипноэ болып ауруға ауа жетіспейді. 
Тромбоэмболия  көбінесе  қартайған  адамдарда  және  жарақаттан  басқа 
қосымша  ауруы  /атеросклероз,  қанқысымы  ауруы  тағы  басқасы/  бар 
адамдарда  кездеседі.  Өкпе  артериясының  тромбоэмболиясы  жарақаттан 
кейін,  не  операциядан  кейінбіріншіекі  жұма  ішінде  болады.  Бірінші  белгісі: 
кенеттен  бір  жақ  өкпесінде  қатты  шанышқан  ауру  пайда  болады,  дем  алуға 
ауа  жетпейді,  қорқыныш  пайда  болып,  басы  айналады,  құсқысы  келеді. 
Бірнеше сағаттан кейін денесінің қызуы басталады, артериялық қан қысымы 
төмендейді,  жүрек  соғысы  көбейеді,  алқыныс  пайда  болады,  еріндері 
көгереді, екі беті алабұртып кенеттен түсі бұзылады. 


205 
 
Кеудені  тыңдағанда  өкпенің  ауырған  жағында  дем  алысы  әлсірегені 
байқалады,  ал  бірнеше  сағаттан  кейін  плевраның  үйкеліс  шуылы  естіледі. 
Бірнеше  күннен  кейін  өкпеде  дымқыл  сырыл  пайда  болады,  плевраның 
қуысына  қанды  сұйық  жиналады.  Ауырғанның  3-7  күні  қан  түкіру  пайда 
болады.  Тыңдағанда  өкпенің  артериясының  үстіңгі  жағынан  екінші  тонның 
акценті  пайда  болады,  ЭКГ-да  жүрекке  күш  түскендік  байқалады,  жүректің 
бұлшықетінде  гипоксия  болады.  Өкпе  артериясының  тромбоэмболиясын 
рентгенмен  тексергенде  пневмонияға  ұқсаған  көлеңке  көрінеді,  өкпе 
көлемінде  қан  тамырлы  суреті  азаяды,  өкпе  түбі  /тамыры/  "кесінді"  сияқты 
болады.  Қанның  ұюы  жылдамдап,  ұю  уақыты    қысқарады.  Протромбиннің 
көрсеткіші  100%  және  одан  да  жоғары  болады.  Өкпе  артериясының 
тромбоэмболиясына профилактика жасау үшін ауруға бірінші күннен бастап 
дегидратациялық  дәрілер  және  кері  әсер  ететін    антикоагулянттар 
береді,ертерек емдік гимнастика жасайды. 
Өкпе  артериясының  тромбоэмболиясының  емі  комплексті  болу  қажет. 
Сондықтан  да  ауруға  тура  және  керіәсер  ететін  антикоагулянттар, 
дезагрегациялық  дәрі,  қан  тамырларын  кеңейтетін  және  антигистаминді 
жүрек-қан тамырлыдәрілер беру керек. 
Өкпе  артериясының  тромбоэмболиясына  толық  диагноз  қойылғаннан 
кейін  венага  10000  ЕД  гепарин  және  100000  ЕД  фибринозилин  дәрілерін 
тамшылатып  6  сағат  ішінде  құю  керек.  Қанның  ұю  уақытын  20  минутқа 
дейін  қадағалап  отыру  керек.  Кейіннен  5000  ЕД  гепаринді  әрбір  4 
сағатсайын құю қажет. 
Екі  күн  өткеннен  кейін  гепариннің  дозасын  20000  ЕД  (5000  ЕД  4  рет) 
дейін азайтады, кейіннен 10000 ЕД-ға дейін (2500 ЕД-ны 4 рет) төмендетеді. 
Қанның  ұюын  тұрақтандырғаннан  кейін,  6  күннен  соң  ауруға  бұрыс  (кері) 
әсер ететін антикоагулянт-фенименді 0,03 грамнан 3 рет береді. 
Қанның  жабысқақтығын  азайту  үшін  және  микроциркуляцияны 
жақсарту үшін бір күннің ішінде 800 мл реополиглюкинге 5% С витаминінің 
ерітіндісін венаға тамшылата құю қажет. Қосымша венаға 0,5%-тік новокаин 
ерітіндісінен  200  мл  және  5%-тік  глюкозаның  ерітіндісін  қүяды. 
Спазмолитиктік  дәрілерден  2%-тік  2  мл  но-шпа  ерітіндісін  және  1  мл 
компламин ерітіндісін вена тамырынажібереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет