Туа болған ампутация Туа болған ампутацияның екі түрі болады: эктромелия және гемимелия.
Эктромелия түрінде аяқ не қолдың төменгі бөліктері болмай туады
(саусақтар немесе табан мен сирақ бөліктері), ал жоғарғы бөліктері
әдеттегідей болады.
Гемимелия түрінде аяқ немесе қол толығымен түбірінен жоқ
болады.Диагноз қою қиын болмайды, себебі бәрі көрініп тұрады.
Емдеудің ұтымды түрі уақытын кешіктірмей протез жасап, оны қолдануды
үйрету болып есептеледі. Қолға биоэлектрмен жабдықталған протез кигізіп,
саусақ орнына жұмыс істейтіндей арнайы аспап қолданылады.
Туа болған аяқ-қолдың ампутациясында фантомдық сезім аяқ не қолдың
жоқ бөлігін сезіну ешқашанда болмайды,ал жарақаттанғаннан кейін
ампутация жасағанда аяқ не қолдың төменгі бөлігі жоқ болсада оны бар деп
сезінеді.
Егерде білек сүйектері және балтыр сүйектерінің орта тұсында туа
болған ампутацияда сүйектер мен оны қоршаған еттер біркелкі өспейді
де,конус формалы болып кейіннен протез кигізуге келмей қалады.
Сондықтан да балаға жас кезінде қос сүйектерін (білек және балтыр сүйектің)
бір-бірімен біріктіріп синостоз жасап, аяқтың ампутация жасалған қалдық
ұшын бұлшықеттермен қалың етіп жабу керек.