Травматология


ҚАҒАНАҚТЫҚ (АМНИОТИКАЛЫҚ ) БУЫНШАҚ



Pdf көрінісі
бет223/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

ҚАҒАНАҚТЫҚ (АМНИОТИКАЛЫҚ ) БУЫНШАҚ 
Қағанақтық  буыну  дегеніміз  –  туа  болған  аяқтағы,  қолдағы, 
саусақтардағы    жұмсақ  тіндердің  (тері,  еттердің)  ішке  қарай  жіңішке  жіп 
сиякты  жаншылып  қысылуы.  Бұндай  қысылу  кейде,  тіпті  сүйекке  дейін 
барып, нерв пен қан тамырларына қысым жасайды. Диагноз қою оңай, себебі 
көргенде көзге аяқ не қолда,саусақтарда терең із көрінеді. Бұндай терең іздер 
трофикалық  бұзылуларға  әсер  етеді:шор  аяқ  немесе  ірі  аяқ,  саусаққа  әкеп 
соғады, трофикалық  жара (язва), терінің жаны кетеді. 
 
156 сурет. Қағанактық буыншақтың үйлесу турлері: 
а)екі саусақтың синдактилиясымен; б)туа біткен маймақ аяқпен; 
в) екі саусақтың жартылай үлкеюіменҚағанақтық буыншақты тек 
операция жасап емдеуге болады 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


216 
 
Операцияны  мына  жағдайларда  жасайды:  буыншақ  терең  болып  қан 
айналысын  нашарлатса,  косметикалық  кемістік  жасаса,  трофикалық 
жараларға әкеліп соқса. 
Егерде  қағанақтық  буыншақ  басқа  аурулармен  үйлесіп  келсе,  алдымен 
буыншақты  жою  керек.  Содан  кейін  аяқ-қолдың  төменгі  жақтарының  қан 
айналысы жақсарғаннан кейін ғана басқа ауруларға жасауға болады. 
Емі-операция жасау.Қағанақтық буынуы бар балаларға операцияны  бір 
жасқа  толар-толмас  уақытта  жасаған  өте  тиімді  болады,  себебі  жас 
уақытында  трофикалық  өзгерістер  болмайды  және  тіңдердің  пластикалық 
мүмкіншіліктері  көп  болады.Жаншылып  қысылған  жердің  терісін 
айналдырып,  кесіп  алып,  тастайды  да  жара  жиегін  тігеді.  Тігер  алдында 
қысылған  фасцияны  тіледі,  қан  тамырлары  мен  нерв  сабақтарын 
қысымдықтан босатады. 
 
СИНДАКТИЛИЯ 
Синдактилия  дегеніміз  эмбрионалдық  өсу  уақытында  саусақтардың 
өсуінің тоқталып әр саусақтың арасының өзара ашылмай қалуы.  
Синдактилия  –  бала  жатыр  ішінде  жатқанда,ұрық пайда  болғанына  7-8 
жұма  арасында  саусақтардың  өсуі  өте  тез  болады.  Осы  мезгілде  әртүрлі 
себептермен  саусақтардың  арасы  бөлінбей  қалады.  Көпшілік  ғалымдардың 
айтуы  бойынша  әрбір  2000-3000  туған    балалардың  біреуінде  синдактилия  
болады.  
Саусақтар  арасының  ашылмай  қалуының  мынадай  түрлері  бар:  терілік 
түрі, жарғақтық, сүйекті және саусақтардың ұш жағының жабысу түрлері. 
Терілік түрі- ең көп кездесетін түр. Бұндай түрінде саусақтардың арасы 
басынан  ақырына  дейін  толығымен  бітеу  болады  (әсіресе  III  және  IV 
саусақтар). Екі саусақтың қозғалысы бірге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет