218
Операция жасағанда бір мезгілде барлық саусақтарды бір-бірінен
ажыратуға болмайды. Сондықтанда алдымен 1 және 5 саусақтарды, екінші
ретте 2 саусақты 3 саусақтан ажыратады. Егер де саусақтарды ажыратқанда
жергілікті терісі жетіспесе басқа жерден тері алып жапсырады.
Ю. Ю. Джаналидзенің әдісі бойынша санның сыртқы жағынан әдейілеп
теріден жұқа етіп трансплантат алады да оны саусақ кесілген араларына
сәйкес етіп пішіп тігеді (157-сурет). Бұл әдісті қолданғанда жараны тіккен
жиектерінде некроз болмайды және саусақтардың арасындағы қаптар терең
болады.
Операцияның нәтижесі жақсы болу үшін ыңғайлы уақытының
анықталғаны жөн болады. Кейінгі уақытқа дейін кейбір ғалымдардың айтуы
бойынша синдактилияға операцияны жас балаға жасауға болмайды деп
келді. Себебі: жас балаға операция жасалса, кейіннен ауру қайта қозып, қол
тыртық болып бітеді деген ұғым бар. Ю.Ю.Джанелидзе, Эрлахер, Мюллер
операцияны тек үлкен адамдарға ғана жасау керек деп есептейді.
Қазіргі уақытта бос тері пластикасының дамуына байланысты бұл
ұғыммен келісуге болмайды. Себебі, баланың жасы ұлғайған сайын
саусақтардың жетіліп өсуі және оныңқызмет ету қабілеті нашарлайды.
Сондықтан да Г.И. Турнер атындағы Санкт-Петербург балалар ортопедия
институтының тәжірибесі бойынша операцияны бала 1-2 жасқа толғанда
жасаса оның нәтижесі өте жақсы болады. Синдактилия саусақтың үш
жағында ғана болса операцияны тіпті бала бір-екі айға толғанда жасаған жөн
болады. Бұл жаста кесілген саусақ арасына тері пластикасын жасамаса да
болады, жара өз бетімен жазылады да оның өсуі мен қызметіне кедергі
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: