266
185 сурет. Солтер бойынша жамбас остеотомиясы
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
Бұл операцияны ортан жілікбасы жамбас шұқыршағының жанында
тұрғанда ғана жасауға болады. Операциядан кейін аурудың екі аяғын
талтайтып гипсте 2 ай ұстайды.
1957 жылы Канаданың ортопеді Солтер басқаша әдісті қолдануды
ұсынды (185 сурет).
Бұл операция Хиари сияқты жамбас сүйекті қақ бөліп, сүйектің арасын
ашып, оған жамбас сүйектің қанатынан кесіп алынған сынаны тығады да,
гипспен 2 айға бекітіп қояды. Кейіннен массаж, ЕДШ тағы басқа емдер
жасалады. Қорыта айтатын болсақ, операциялық қандай тәсілмен іштен туа
болатын ортан жілікбасын орнына кіргізілмесе де, кейіннен жамбас-сан
буынының әдеттегідей қызметін орнына келтіру өте қиынға соғады.
Операция қаншама жақсы, ойдағыдай жасалса да кейіннен буынның
асқынуы мүмкін. Сондықтан іштен туа пайда болатын ұршық-сан буынының
дисплазиясын, ортан жілікбасының шығып кеткенін баланың жасы 3 айға
жеткенше анықтап, консервативтік әдіспен емдеу керек. Сонда ғана кейіннен
буында асқынғандық болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: