Травматология



Pdf көрінісі
бет287/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Волковтың  таңғышымен  емдегенде  ұршық  буынын  орнына  салып 
бекіткеннен  басқа  массаж  және  басқадай  гимнастика  жасауға  мүмкіндік 
болады. Мұның өзі аурудың аяғының, буынының қан айналысын жақсартуға 
және  жамбас  шұқыршағының  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Бала  үнемі 
Волков  таңғышында  жатқанда,  күніне  3  рет  таңғыштың  құрсақ  пен 
жамбастың  тұсындағы  қақпағын  алып  ауруды  отырғызады.  Бұл  уақытта 
ортан жілік таңғышта бекітіліп жатқандықтан, баланы отырғызғанда жамбас 
сүйектері ортан жілікбасы арқылы айналады. Бұның өзі жамбас шұқыршағы 
мен ортан жілікбасының  тезірек қалыптасуына мүмкіндік береді. 
Іштен туа пайда болған ортан жілікбасының шығуын емдеудің нақтылы 
әдісін 1894 жылы ойлап тапқан Вена ортопеді Адольф Лоренцтің әдісі 1жас 
пен 3жас арасындағы ауруларды емдеуге негізделген. 
Орнынан тайған ортан жілікбасын орнына салу үшін ауруды шалқасынан 
жатқызып наркоз береді де, дәрігер бір қолымен ауру аяғын жамбас-сан және 
тізе  буындарынан  тік  бұрышқа  дейін  бүгіп  жоғары  қарай  тартады,  екінші 
қолының  жұдырығын  үлкен  ұршықтың  сыртқы  тұсына  қояды.  Осы  күйде 
аяқты  сыртқа  қарай  ауыстырғанда  ортан  жілікбасы  жамбас  шұқыршағының 
сыртқы ернеуі арқылы келіп шұқыршақтың ішіне кіреді. 
Ортан  жілікбасы  жамбас  шұқыршағына  толық  кіргендігін  білдіретін 
мынадай  белгілер  бар:  тізе  буынында  контрактура  (қатаю)  пайда  болуы, 
скарп  үшбұрышының  ішіндегі  сан  артериясының  астынан  ортан  жілікбасы 
анықталады. 
Егерде ортан жілікбасы екі жағынан шыққан болса, бір жолда алдымен 
ең қиындауын орнына түсіреді де, одан кейін екінші жағын орнына түсіреді. 
Орнына  түскен  ортан  жілікбастарын  қоршама  гипспен  Лоренцтің  I 
жағдайында 6 не 9 айға бекітеді. Әрбір  2 не 3 ай ішіндс гипсті алмастырып 
Лоренцтің II, III жағдайына ауыстырады. 


261 
 
Лоренцтің  әдісімсн  ауру  балаларды  емдегенде  тізе  контрактурасынан 
асқынулар болады: олар ортан жілікбасының асептикалық шіруі  (Волков М. 
В.  бойынша  14%  болады),  ертелі  не  кейінде  ортан  жілікбасының  қайыра 
шығып кетуі, кәрі жілік пен шонданай жүйкелерінің (жүйкелердің /параличі/ 
1%), ортан жілікмойынының сынуы, ортан жілікмойынының варустік өзгеруі 
болады.  Буындарда  контрактураның  (қатайып  қалуы)  болу  себептері  ортан 
жілікбасын  жамбас  шұқыршағына  кіргізгеннен  кейін  ұзақ  уақыт  ішінде 
буындарды  гипспен  бекітіп  тастағанның  салдары  болып  есептеледі.  Гипсті 
алып  тастағаннан  кейін  массаж,  ЕДШ,  ванна  арқылы  буындардың 
контрактурасын  келтіру  үшін  ұзақ  уақыт  керек  болатынын  естен  шығармау 
керек. Ұзақ уақыт гипспен буынды қатайтып таңып тастағанның салдары да 
ортан  жілікбасының  асептикалық  шіруіне  әкеп  соғады.  Ал  ортан 
жілікбасында асептикалық шіру болса, ол кейінде деформациялық артрозға, 
ортан  жілікмойынының,  аяқтың  қысқаруына  әксп  соғады.  Жеделдетіп  бір 
мезгілде  күшпен  ортан  жілік  басын  жамбас  шұқыршағына  кіргізгендіктің 
салдарынан  жүйкелердің  парездері,  салдануы  және  ортан  жілікмойынының 
сынуы  ақиқат.  Бұның  өзі  Лоренц  әдісінің  дөрекілігін  білдіреді.  Алдыңғыда 
айтылған  асқынулар  егер  аурудың  жасы  2-2,5-нан  асса  тіпті  жиі  кездесуі 
мүмкін.  Сондықтан  да  көпшілік  оқымыстылар  кездесетін  көптеген 
асқынуларды  азайту  үшін  әртүрлі  әдістерді  қолдануға  мәжбүр  болды.  Олар 
әдістердің  түрін  өзгертіп,  гипстің  орнына  таңғыштар,  басқа  да  аппараттар 
қолданды. 
Сондықтан  1958  жылы  Сомервилл  ортан  жілікбасы  іштен  шығып  туа 
пайда болған аурулардың жасы 2 және одан үлкен болса, оны орнына түсіру 
үшін үздіксіз тік тарту әдісін ұсынды   (181 сурет). 
Бұл  әдісті  қолдану  үшін  aypу  баланы  емханаға  жатқызадыда,  екі 
аяғының  екі  жағына    жабыспалы  пластырь  бекітіп  аяқтарын  тік  жағдайда 
тартып  қояды.  Осы  қалыпта  екі  аяққа  жабыстырылған  пластырьдің  ұшына 
салмақты  зат  іліп  қояды  да  біртіндеп  аяқтарының  арасын  ашады.  Бір  айдан 
кейін  салмақты  заттарды  алады,  себебі  осы  уақыт  ішінде  аяқ  пен  бөксе 
бұлшықеттері  тегіс  босаңсиды.  Бұлшықеттер  босаңсығанда  орнынан  тайған 
ортан  жілікбастары  наркозсыз  жамбас  шұқыршағына  ешқандай  күшсіз 
кіргізіледі  де  гипспен  қапталады.  Кейінгі  кезде  гипстің  орнына  таңғыш 
қалақтар  мен  аппараттар  қолданылып  жүр  (Ганаусек  аппараты,  Крумин 
аппараты, Баубинас аппараты). 
 
181 сурет. Волковтың функциональды әдісі 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


262 
 
1961 жылы М. В. Волков функционалдық әдісті дамытты. Бұл әдістің ең 
басты  мақсаты  ортан  жілік  басымен  жамбасшұқыршағының  бір-бірімен 
өзара  тиісіп  ұзақ  уақыт  қозғалыссыз  қалмай,  бірер  жұмадан  кейін  өзара 
қозғалыста болуы. Әр уақытта өзара қозғалыста болған буын тезірек дамып, 
өсіп жетіледі де аурудың жазылуы тездетіледі. 
 
182 сурет. Волковтың  функциональды әдісі 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Бұл  үшін  Волков  іштен  тайқып  шыққан  ортан  жілікбасын  орнына 
салғаннан  кейін  аурудың  жамбас-сан  буындарын  гипспен  Лоренцтің  I 
жағдайында  бекітеді  де,  бір  жұмадан  кейін  гипстің  қарын  мен  бөксе 
тұсындағы  алдыңғы  жағын  алып  тастап  баланың  күніне  бірнеше  мезгіл 
отыруына мүмкіндік береді  (182 сурет). 
Бұл  әдіс  бойынша  егер  ортан  жілік  басы  бір  жағынан  шыққан  болса  4 
айдай емделеді, ал екі жағы шықса 6 айға созылады. Сөйтіп Волков әдісімен 
емдегенде емдеу уақыты 2 ден 3 айға дейін қысқартылады. Функционалдық 
әдіспен  емделген  балаларда  ешқашанда  буын  контрактуралары  кездеспейді 
және  ортан  жілікбасының  асептикалық  шіруі  көптен-көп  азаяды  (3%-ке 
дейін). 
Жабық  әдіспен  ортан  жілікбасын  орнына  салудан  пайда  болатын 
асқынуларды  көбінесе  консервативтік  әдіспен,  ал  кейбіреулерін  операция 
жасап емдейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет