V ТАРАУ. АМПУТАЦИЯ Ампутация дегеніміз аяқты не қолды сүйектің не сүйектердің ұзын
бойымен кесіп тастау. Егерде аяқты не қолды буын бойымен сүйекке тимей
кесетін болса оны экзоартикуляция дейді. Аяқ пен қолдың сүйегін қай
деңгейінен және қандай әдіспен кесу зақымдық ерекшелігіне, аурудың
түріне және аурудың жалпы хал-жағдайына байланысты болады. Ампутация
жасауға абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер:
Ампутация жасауға абсолюттік көрсеткіштер: 1. Аяқ не қол жұлынып тек шамалы терімен немесе сіңірмен ұсталып
тұрса.
2. Сүйек уатылып сынып, бұлшықеттер қатты езілсе, ірі қан тамырлары
және жүйке тамырлары үзіліп қалпынакелтіруге мүмкіндік болмаса.
3. Ауруда ауыр, өміріне қауіп туғызатын инфекция болса (сепсис,
анаэробтық инфекция):
4. Әр жағдайдан болған аяқ пен қолдың гангренасы (тромбоз, эмболия,
диабет, 3-4 -ші дәрежелі үсу, күю, электрлік жарақат).
5. Қатерлі сүйек, ет ісіктері.