Травматология


Операция үш түрге бөлінеді



Pdf көрінісі
бет89/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   297
Операция үш түрге бөлінеді: 

 
Жараланысымен оны бірден тігу. 

 
Жараланғаннан кейін  оны бірден тікпей  біраз уақыттан кейін бір айға 
толмай тігу. 

 
Жарақаттанған кейін бір ай өткен соң кеш тігу. Тігу тәсілі: ең  жақсы 
тігу  -  шалып  байлап  тігу,  ол  үшін  тыныс  түтігінің  барлық  қабатын  бірге 
алып,  жіптің  ұшын  сыртынан  байлайды.  Ең  жақсы  жіп  ол  хромдалған 
ішектен жасалған жіптің  №0 не 1, өйткені ол көп уақытқа 30-35 күнге дейін 


86 
 
жойылмай  тұрады.  Оған  дейін  тыныс  шеміршектері  түгелдей  бітіп  кетеді. 
Тіккенде жіңішке дөңгелек ине қолдану керек. Егерде ішек болмаса жіңішке 
жібек  жіппен  тігуге  болады.  Кеңірдекті,  тыныс  түтіктерін  барлық 
қабаттарымен  ішкі  жұқа  қабығымен  қоса  алып  тігу  керек,  жіптің  ұшын 
сыртынан иненің кірген тесігінің үстінен байлаған жөн. 
Тіккен  жіптердің  арасы  1,5-2  мм-ден  аспауы  керек.  Тігер  алдында  осы 
тыныс  түтіктерінің  сыртынан  екі-үш  жерден  жіңішке  жібек  жіппен  тартып 
ұстап  тұрып  тігеді.  Ең  әуелі  бұрышынан  бастау  керек.  Ең  бірінші  артқы 
жағын  тігу  үшін  инені  түтіктің  ішінен  сыртқа  қарай  екі  жағынан  да  өткізіп 
алады.Ал  оның  ұштарын  сыртынан  байлау  керек.  Сондай-ақ  жанын,  содан 
соң  алдыңғы  жағын  тігу  жеңілге  түседі.  Тіккен  жердің  үстін  маңындағы 
тіндермен  өкпе  қабынан  аздап  кесіп  алып  сонымен  тігу  керек.  Егер  өкпе 
түгелдей жыртылса, онда оны осы жыртылған жерінен кесіп алып тастайды. 
Есте  болатын  бір  жағдай,  ешқандай  асығыстық жасап  қан  кетіп  жатқан 
жерді  (қан  тамыры,  өкпе,  не  тыныс  жолы  болсын)  қысқашпен  қатты  қысуға 
болмайды.  Ол  өкпені,  тыныс  түтіктерін  қосымша  жарақаттайды.  Сол  жақ 
өкпені алу тәсілі. Қан кетіп жатқан жерлерді еппен саусақпен қысып, қанды 
тоқтатып, маңын құрғатып, тазалап алғаннан соң ғана жекелеп байлау керек. 
Үстіңгі  өкпе  тамырын  жоғарырақ  ашып,  содансоң  төменгі  өкпе  тамырын 
ашып, оны жалғасының арасынан бөліп шығарып алғаннан кейін ғана тыныс 
түтігін  /бронхты/  тігуге  кіріседі.  Тыныс  түтігін  жоғарырақ  босатып  барып 
қана  кеңірдектің  екі  айрылған  /бөлінген/  жерінің  тұсынан  тігеді.  Ол  үшін 
дәкемен  жүрек  қабын  және  байланған  қан  тамырларды  бір  жаққа  қарай 
итеріп  ұстаған  жөн.  Тыныс  жолының  /түтіктің/    ұшын  бір  катар  капрон 
жіппен тігу керек, тыныс түтігін әуелі үстіңгі жағынан аздап кесіп, ал артқы 
жағын неғұрлым ұзындау калдырады. Кескен жерді қолма-қол тігіп отырады. 
Алдымен  ол  жерге  йод  жағып,  6-8  рет  жіппен  тігеді.  Тігіп  алганнан  кейін 
оның үстінен  айналасындағы  тіндермен  жауып  тігу  керек.  Содан  кейін  өкпе 
қабы  арасын  жылы  фурацилинмен  толтырып,  наркоз  аппараттың  қысымын 
көтеріп тіккен жерде саңылау қалмағанын тексереді. Саңылау қалса онда ауа 
сол жерде әлгі сұйықты көпіршітіп шығады. Онда тағы да жіппен тігіп бекіту 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет