Пирогов тәсілі: инені төс сүйектің сол жағынан 4-ші, 5-ші
қабырғалар арасынан кіргізіп, содан кейін төс сүйектің артқы астына қарай
1,5-2 см. тереңдікке жібергенде жүректің алдыңғы жағынан оның қалтасына
кіргізеді.
Ларрей тәсілі: ауруды жартылай отырғызып, 7-ші қабырғаның
шеміршегі мен төс сүйектің қосылған жерінен инені 1,5-2 см тереңдікке
кіргізіп, содан кейін иненің ұшын жоғары қарай көтеріп кеуденің тікелей
бойымен тағы да 2-3 см терендікке жіберіп жүрек қалтасына кіргізеді.