Травматология


V ТАРАУ. ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ



Pdf көрінісі
бет98/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
ТАРАУ. ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ 
ОМЫРТҚА ЖОТАСЫ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ 
АСҚЫНБАҒАН ТҮРІ 
Омыртқа  жотасының  зақымдануының  асқынбаған  түрі  деп  жұлын  мен 
оның  түбіршіктері  бүлінбеген  жағдайды  айтады.  Олардың  ішінде  жағымсыз 
аяқталатыны омыртқа буынының шығуы немесе сынуы. Оның зақымдануын 
уақытында  білмеген  жағдайда,  омыртқаның  өзінің  және  оның  дуральді 
қынабының  ішкі  затының  екінші  зақымдануы  басталады.  Арқаның  ұрынуы, 
байламдардың  зақымдануы  деген  сияқты  қорытындыларды  омыртқа 
зақымданбағанына толық көз жеткеннен соң ғана қояды. 
Омыртқа  денесінің  буын  шығуымен  сынуы.  Омыртқа  денесінің 
зақымдануы  көбінесе  зақымдағыш  күштің  әсерінен,  омыртқа  бойымен 
күштің  түсуінен,  жедел  оқыс  шамадан  тыс  бүгілуінен  болады.  Мысалы, 
зақымданудың  шайқалу  механизмінде,  машинаның  арттан  соққан  кезінде, 
оқыстан  кедергіні  басқан  кезде  омыртқаның  мойын  бөлігі  тез  бүгіліп  және 
шалқаяды.  Үлкен  кісілерде  көбінесе  омыртқаның  физиологиялық иіндерінің 
бір-біріне  өту  аймақтары,  яғни  астыңғы  мойын  және  үстіңгі  кеуде,  астыңғы 
кеуде және үстіңгі бел омыртқалары зақымданады (60 сурет). 
 


94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет