Омыртқа денесінің сынуы негізінен 4 себептен тұрады: 1. Омыртқа денесінің шектен тыс иілуі
2. Омыртқа денесінің шектен тыс шалқаюы
3. Омыртқа денесінің иіліп барып бұралғанда, шалқайып барып
бұралғанда
4. Омыртқаның осьтік бойынан күштің әсер етуі (сирек кездеседі).
Шектен тыс шалқаюдан көбіне мойын омыртқалары сынады. Мойын
омыртқаларының ішінде жиі сынатын 4-5-6 мойын омыртқалары.
Мамандығы бойынша олар көбіне суға сүңгитіндерде, мотоциклистерде жиі
ұшырасады. Кездейсоқ жағдайларда басын шалқайтуға үлгермей иілген
қалыпта болса онда омыртқа денесінің алдыңғы жағы сына тәрізді сынады,
ал шектен тыс шалқайғанда омыртқа денесінің артқы жағы сынады.
Мойын омыртқасы сынғанда сыну себебіне байланысты бас, мойын
мәжбүр қалыпта қалады. Жарақатқа байланысты мойын бұлшықеттері
ширатылып, тартылып тұрады. Баспен мойынды қозғалта алмайды. Сыну
ауырлығына байланысты кейде неврологиялық белгілер (парез, паралич)
пайда болады.
71 сурет. Омыртқа жотасының сынығандағы зақымдану механимі:
А, Б) бел бөлімінде; В, Г) мойын бөлімінді
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.