3. Видео-ролик Кей оқушыларға өздігіне тапсырмалар берілген болатын. Шаршағанымызды басу үшін ортаға Айдананы шақырсам…
4. Слайд-шоу балалардың өмірінен
5. «Біз біргеміз» Келесі тапсырмамызға көшейік
Қолдарыңызға фламастер, маркер алып алдымен аналарда ортаға шақырамыз.
Сіздер кез келген бір заттың суретті бастайсыз, музыка тоқтаған кезде сіз де тоқтайсыз.
Енді ортаға сол аналардың балаларын шақырамыз, сіздерді қошеметпен орындарыңызға жайғастырамыз.
Сіздер аналарыңыз бастаған суретті аяқтап және бір суретті бастап кетесіздер, музыка тоқтағанда тоқтатып, орындарыңызға жайғасып, аналар ортаға шығып суретті аяқтайды.
Суреттеріңіз көңіліңізден шықты ма?
Қандай әсер алдыңыз? Тапсырма несімен ұнады?
6.Тыныштық сәті 7. Тренинг Сиқырлы таяқша Ортаға 4 отбасын шақырамыз.
Кез келген парақты алып сөзді оқисыз да келесі отбасына бересіз олар отбасы болып әр жаман қылықтың бір жақсы жағын ойлап табу керек.
Мысалы :
Сараң - Үнемшіл
Өтірік айту - Ренжітпеу үшін
Төбелесу - Біреуді қорғау
Сабақтан қалу - Балаға ие болу
Ұрысу - Жаманнан сақтау
Ұшқыр ойларыңыз бен ұттқыр жауаптарыңыз үшін көп рахмет сіздерге.
8. Тренинг «Өтінемін» ойыны Тағы да сіздерді ортаға шақырамыз.
Сіздермен бір ойын ойнап көрейік
«Өтінемін» ойыны Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөдерді білесіздер?
Рахмет, ғафу етіңіз, өтінемін!
Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер Егер мен «Өтінемін » деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет, Егер мен «Өтінемін » деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.
- секіріңіздер
- өтінемін, қол шапалақтаңыздар.
Рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.
9. Қысқа метражды фильмі Келесі кезекте болашақ маман, техниканың құлағында ойнайтын мырза жігіттер сіздерге арнайы дайындаған қысқа метражды фильмі бар, соны ұсынамыз.